Samsung UE46C6000RWXBT, UE40C6000RWXBT, UE32C6000RWXBT manual SWLSamsung Wireless Link, SWL connect

Models: UE37C6000RWXRU UE46C6000RWXBT UE40C6000RWXRU UE46C6000RWXRU UE55C6000RWXRU UE32C6000RWXRU UE32C6000RWXBT UE37C6000RWXUA UE55C6000RWXBT UE40C6000RWXBT

1 216
Download 216 pages 61.61 Kb
Page 193
Image 193

SWL(Samsung Wireless Link)

Бұл функция PBC (WPS) функциясына қолдау көрсететін Samsung құрылғысын теледидарға жалғайды. Құрылғыларды теледидарға, тіптен ортақтастырғыш құрал теледидарға жалғанбай тұрса да қоса аласыз.

Егер Samsung сымсыз Lan адаптері USB 2 ұяшығына жалғанып тұрса, желі дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Біз оны USB 1 (HDD) ұяшығына жалғауды ұсынамыз.

Тек 2.4 ГГц диапазонын қолданатын ортақтастырғыштарға ғана қолдау көрсетіледі. 5 ГГц диапазонын қолданатын ортақтастырғыштарға қолдау көрсетілмейді.

SWL connect

PBC (WPS) функциясын қолдайтын құрылғыны теледидарға тура жалғауыңызға болады.

Бұл функция SWL(Samsung Wireless Link) режимі On қалпына қойылғанда жұмыс істейді.

Samsung Wireless Link желісіне қосылу

Қосылымды жүзеге асыру қадамдары төменде берілген:

1.“PBC (WPS) арқылы орнату” тармағында көрсетілген 1 - 5-ші қадамдарды орындаңыз (б. 28).

2.SWL(Samsung Wireless Link) желісін ▼ түймешігімен таңдап, оны қосу үшін ENTEREтүймешігін басыңыз.

3.SWL connect параметрін ▼ түймешігі арқылы таңдап, ENTEREтүймешігін басыңыз.

4.Егер “Press the PBC button on the PBC(WPS) supported device to connect within 120 seconds.” жазуы пайда болса, қосылатын құрылғының PBC түймешігін басыңыз.

Қосымша ақпаратты, қосқыңыз келген құрылғының, желіге сымсыз жалғау параметрін орнату нұсқаулығынан қараңыз.

5.Мәтін жолағындағы санақ басталғаннан кейін, құрылғы теледидарға дұрыс қосылса, мәтін жолағы автоматты түрде жойылады.

Қосылым жүзеге аспаса, 2 минуттан кейін қайта жалғап көріңіз.

Егер теледидарды интернетке қосу мүмкін болмаса

Теледидарыңызды егер интернет провайдері ДК немесе модемнің MAC мекенжайын (әмбебап анықтағыш нөмір) тұрақты түрде тіркеуге алса, содан кейін интернетке қосылғыңыз келген сайын, интернетке рұқсатсыз кіруден сақтандыру үшін, осы нөмірдің түпнұсқалығын растауды талап еткен жағдайда қосыла алмауыңыз мүмкін. Теледидарыңыздың MAC мекенжайы басқа болғандықтан, интернет провайдері өз MAC мекенжайының түпнұсқалығын растай алмайды да, теледидарыңыз интернетке қосыла алмайды.

Бұл мәселені шешу үшін өз интернет провайдеріңізден ДК-ден басқа (мысалы, теледидарды) құралды интернетке қалай қосу қажет екенін сұраңыз.

Егер интернет провайдері интернетке қосылу үшін ID немесе құпиясөзді қажет етсе, теледидарыңыз интернетке қосыла алмауы мүмкін. Бұндай жағдайда, интернетке қосылу үшін ID немесе құпиясөзді көрсетуіңіз қажет. Брандмауэрге қатысты мәселе туындағанда интернет қосылымы жүзеге аспауы мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, интернет провайдеріне хабарласыңыз.

Интернет провайдері берген нұсқауларды орындасаңыз да, интернетке қосыла алмасаңыз Samsung Electronics компаниясына 1-800-SAMSUNG бойынша хабарласыңыз.

04 Кеңейтілген функциялары

Қазақша 31

Page 193
Image 193
Samsung UE46C6000RWXBT, UE40C6000RWXBT manual SWLSamsung Wireless Link, SWL connect, Samsung Wireless Link желісіне қосылу