Scheduled

(Channel Manager ішінде)

Кезекке қойылған шоу-бағдарламаны қарауға, өзгертуге немесе жоюға болады.

■■ Change Info: Қарау үшін кезекке қойылған шоу- бағдарламаны өзгертуге арналған.

■■ Cancel Schedules: Қарау үшін кезекке қойылған шоу- бағдарламаны біржола тоқтатуға арналған.

■■ Information: Қарау үшін кезекке қойылған шоу- бағдарламаны экранға шығаруға арналған. (Кезекке қою ақпаратын өзгертуге де болады.)

■■ Select All / Deselect All: Кезекке қойылған бағдарламалардың барлығын таңдау немесе бөлектемеуге арналған.

Channel List Transfer

PIN кодты енгізу терезесі көрсетіледі. 4 орынды PIN кодты көрсетіңіз. Арна картасын импорттау немесе экспорттауға арналған. Осы функцияны қолдану үшін USB құралын жалғауыңыз керек.

■■ Import from USB: USB құралынан арна тізімін импорттау.

■■ Export to USB: Арна тізімін USB құралына экспорттау. бұл функция USB құралы жалғанып тұрған кезде жұмыс істейді.

Fine Tune

(тек аналогтық арналар үшін)

Сигнал әлсіз немесе бұрмаланған болса, арнаны қолмен баптаңыз.

Бапталған арналар жұлдызшамен “*” белгіленіп тұрады.

Бастапқы баптау параметрлерін орнатқыңыз келсе, Reset таңдаңыз.

Сурет мәзірі

¦¦ Ағымдық сурет режимін ауыстыру

Mode

Қалаған сурет түрін таңдаңыз.

P.MODE

■■

Dynamic: Жарық бөлмеге сай келеді.

■■ Standard: Қалыпты ортаға сай келеді.

 

■■

Natural: Көздің шаршауын азайтатын

 

 

режим.

 

 

Natural функциясы ДК режимінде

 

жұмыс істемейді.

■■ Movie: Қараңғы бөлмеде бейнефильм көруге сай келеді.

¦¦ Сурет параметрлерін реттеу

Backlight / Contrast / Brightness / Sharpness / Colour / Tint (G/R)

Теледидарыңыз суреттің сапасын басқаруға арналған бірнеше параметрлермен жабдықталған.

ЕСКЕРІМ

xx PAL жүйесінің аналогтық TV, Ext., AV режимінде, Tint (G/R) функциясы жұмыс істемейді.

xx ДК режимінде тек Backlight, Contrast және Brightness параметрлеріне ғана өзгерту енгізе аласыз.

xx Теледидарға қосылған әрбір сыртқы құрылғы үшін параметрлерді реттеуге және сақтауға болады.

¦¦ Экономикалық шешім

Eco Solution

■■ Energy Saving (Off / Low / Medium / High / Picture Off / Auto) t: Қуат шығынын азайту үшін теледидардың жарықтылығын реттейді. Егер

Picture Off параметрін таңдасаңыз, бейнебет сөнеді де, үнділік ғана сақталады. Бейнебетті қайта қосу үшін кез келген түймешікті басыңыз.

■■ Eco Sensor (Off / On): Қуатты жақсы үнемдеу үшін сурет параметрлері автоматты түрде бөлме ішіндегі жарыққа бейімделеді.

Backlight параметрін реттесеңіз, Eco Sensor функциясы Off қалпына қойылады.

Min Backlight: Eco Sensor On қалпында тұрғанда, бейнебетті ең төменгі жарықтылыққа қолмен қоюға болады.

Егер Eco Sensor параметрі On қалпында тұрса,

бөлме жарығының қарқынына байланысты бейнебеттің жарықтылығы (шамалы күңгірт тартуы немесе жарықтануы) өзгеруі мүмкін.

■■ No-Signal Power Off (Off / 15 min / 30 min / 60 min): Қуатты босқа шығындамас үшін, сигнал қабылданбаған жағдайда теледидардың қанша уақыт қосылып тұруға тиіс екенін көрсетіңіз.

ДК қуатты үнемдеу режиміне қойылса, жұмыс істемейді.

03 Негізгі функциялары

Қазақша 15

Page 177
Image 177
Samsung UE32C6000RWXRU, UE40C6000RWXBT, UE32C6000RWXBT manual Scheduled, Channel List Transfer, Fine Tune, Mode, Eco Solution