Басқа мәселе

Сурет экранда толық көрсетілмейді.

•• ЖА арналар, СА (4:3) мазмұндары көрсетілген кезде бейнебеттің қайбір жағына қара жолақ қалдырып отырады.

•• Өлшемдерінің қатынасы ТД-дан басқаша болатын фильмдерде, бейнебеттің үстіңгі және астыңғы жағында қара жолақтар пайда болады.

•• Сыртқы құрылғы немесе ТД сурет өлшемінің параметрін, сурет бейнебетте толық көрсетілетін етіп реттеңіз.

Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді.

•• Қашықтан басқару пульті батареяларын ауыстырғанда, (+/–) полюстарын дұрыс келтіріп салыңыз.

•• Пульт сенсорының сигнал шығатын терезесін тазалаңыз.•• Қашықтан басқару пультін ТД-ға 1,5~1,8 м қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.

Кабель/жерсерік ресиверінің қашықтан басқару пульті, теледидарды іске қоспайды не сөндірмейді немесе үнділігін реттемейді.

•• Кабель/Жерсерік ресиверінің қашықтан басқаратын пультін, ТД-ды басқаратын етіп бағдарламалаңыз. SAMSUNG теледидар кодын, Кабель/жерсерік ресиверінің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

"Режим қолданылмайды" хабары көрсетіледі.

•• Теледидар қолдау көрсететін ажыратымдылықты тексеріңіз де, сыртқы құрылғының шығыс ажыратымдылығын сәйкесінше реттеңіз.

ТД-дан пластмасса иісі шығады.•• Бұндай иістің шығуы қалыпты жағдай және ол уақыт өте келе жойылып кетеді.

Теледидардың Сигнал ақпараты параметрі Өзін-к диагностика сынақ мәзірінде қолжетімді емес.

•• Бұл функция тек Антенна / RF/ Coax қосылымы арқылы қабылданатын сандық арналарда ғана жұмыс істейді.

Теледидар оңға немесе солға қарай қисайған.•• Теледидардың тағанын алыңыз да, қайта құрастырыңыз.Тұрғы тағанын құрастыру қиын.

•• ТД-дың тегіс жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Бұрандаларды теледидардан ала алмасаңыз, магнитті бұранда бұрағышты қолданыңыз.

Тарату мәзірі сұр болып тұр (қолжетімсіз).•• Тарату мәзірі ТД сигнал көзі таңдалған кезде ғана көрсетіледі.

Казақ

Қазақ - 21