Түс немесе жарықтылық сапасы нашар.

•• ТД мәзірінен Сурет параметрлерін реттеңіз. (Сурет режимі / Түс / Ашықтық / Айқындық тармағына өтіңіз)

•• ТД мәзірінен Қуат үнемдеу параметрін түзетіңіз. (MENU - Жүйе - Үнемдеу шешімі - Қуат үнемдеу тармағына өтіңіз)

•• Суреттің әдепкі параметрлерін көру үшін, оның бастапқы параметрлерін орнатып көріңіз. (MENU - Сурет - Сур. з.мән-нкел-утармағына өтіңіз)

Бейнебеттің шетінде нүктелерден тұратын сызық пайда болады.

•• Егер суреттің өлшемі Экранға сәй-уқалпында тұрса, 16:9 пішіміне қойыңыз.

•• Кабель/Жерсерік ресиверінің ажыратымдылығын өзгертіңіз.

Сурет ақ немесе қара болып көрінеді.

•• Аудио-видео сигналын қолдансаңыз, видео сымын (сары) ТД-дың 1-ші құралас элементінің жасыл ұяшығына жалғаңыз.

Арналарды ауыстырған кезде, сурет қимылсыз қалады не бұзылып немесе баяу жылжиды.

•• Егер теледидарға кабель қорапшасы жалғанып тұрса, оны қайта жалғап көріңіз. AC сымын қайта жалғап, кабель қорапшасы қайта іске қосылғанша күтіңіз. Бұған 20 минуттай уақыт кетуі мүмкін.

•• Кабель қорапшасының шығыс ажыратымдылығын 1080i немесе 720p қалпына қойыңыз.

Үнділік сапасы

•• Әуелі ТД аудио параметрлерінің дұрыс орнатылғанын тексеру үшін Дыбыс сынағы сынағын өткізіп көріңіз. (MENU - Қолдау - Өзін-к диагностика - Дыбыс сынағы тармағына өтіңіз)

•• Аудио дұрыс болса, дыбыс мәселесі сигнал көзіне не сигналға байланысты болуы мүмкін.

Ешбір дыбыс жоқ немесе дыбыс параметрі ең жоғары деңгейде тұрса да дауыс ақырын шығады.

•• Теледидарға қосылған құралдың (Кабель/Жерс. ресивері, DVD, Блю-рей т.с.с) үнділігін тексеріңіз.

Сурет жақсы көрсетілсе де, дыбыс шықпайды.

•• Динамик таңдау параметрін Тлд динамигі қалпына дыбыс мәзірі арқылы қойыңыз.

•• Сыртқы құрылғыны қолдансаңыз, аудио сымдардың ТД-дың аудио кіріс ұяшықтарына дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.

•• Сыртқы құрылғыны қолдансаңыз, құрылғының аудио шығыс параметрін (мысалы, теледидарға HDMI жалғанып тұрса, кабель қорапшасының аудио параметрін, HDMI параметріне қою қажет болуы мүмкін) тексеріңіз.

•• DVI құрылғысын HDMI сымы арқылы жалғаған кезде, бөлек аудио сымы қажет етіледі.

•• Құрылғының қорек сымын қайта жалғау арқылы, жалғанған құрылғыны қайта іске қосыңыз.

Үндеткіштер жағымсыз шуыл шығарып тұр.

•• Сымдардың қосылымдарын тексеріңіз. Видео сымының аудио ұяшыққа жалғанып тұрмағанын тексеріңіз.

•• Антенна немесе кабель қосылымдарының сигнал қарқынын тексеріңіз. Әлсіз сигнал үнділікті бұзуы мүмкін.

Казақ

Қазақ - 19