Орнықсыз немесе қисық орнатылған сөрені дірілден қорғау

[[ТД-ды тегіс емес жерге қойғанда, ТД дірілдеуі мүмкін. Егер ТД- ды тегіс емес жерге қойсаңыз, ТД-дың тұрғысын мықтап орнату үшін резеңке тығыздағышты пайдаланыңыз. Төмендегі суретке қарап, жинақпен бірге берілген резеңке тығыздағышты ТД-дың тұрғысына орнатыңыз.

Резеңке

тығыздағыш

Сақтау және күтім көрсету

Егер ТД экранына жапсырма жабысып тұрса, жапсырманы алғаннан кейін орны сәл ластанып қалуы мүмкін. ТД қарауға кіріспей тұрып осы қоқысты тазалаңыз.

Құрылғы корпусының сыртына және бейнебетіне тазалау барысында сызат түсуі мүмкін. Құрылғы корпусының сыртына және бейнебетіне сызат түспес үшін жұмсақ шүберекпен сүртуді ұмытпаңыз.

Құрылғыға су шашуға болмайды. Құрылғыға кірген кез келген сұйық зат оны бүлдіруі, өртке себеп болуы немесе электр қатерін тудыруы мүмкін.

Құрылғыны аз ғана су сіңірілген жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тұтанғыш сұйықтарды (мысалы, бензин, сұйылтқыш) немесе тазалағыш затты қолданбаңыз.

Казақ - 22