08Ақаулықты түзету және жөндеу

Ақаулықты түзету

Егер ТД-да ақау бар сияқты болса, әуелі осы ықтимал ақаулықтар мен шешімдер тізімін қараңыз. Сондай-ақ, эл. нұсқаулықтың Ақаулықты түзету бөлімін қараңыз. Егер ақаулықты түзету үшін берілген кеңестердің біреуі де көмектеспесе, “www.samsung.com” торабындағы Қолдау пәрменін басыңыз немесе осы нұсқаулықтың артқы мұқабасындағы тізімде көрсетілген байланыс орталығына қоңырау шалыңыз.

•• Осы TFT LED панелін жасап шығару үшін күрделі технология бойынша жасалған кіші пикселдер қолданылды. Дегенмен, экранда шамалы жарық немесе күңгірт пикселдер бар болуы мүмкін. Бұл пикселдер құрылғы жұмысына еш әсер етпейді.

•• ТД-ды оңтайлы күйде ұстау үшін бағдарламалық жасақтаманы соңғы нұсқасына дейін жаңартыңыз. Теледидар мәзіріндегі Қазір жаңарту немесе Автоматты жаңарту функцияларын пайдаланыңыз ( > Баптаулар > Қолдау > Бағдарламалық құралды жаңарту > Қазір жаңарту немесе Автоматты жаңарту).

ТД іске қосылмайды.

•• АТ сымының қабырғадағы розеткаға және ТД-ға мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.

•• Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп тұрғанына және ТД-ға қуат индикаторы қанық қызыл түспен жанып тұрғанына көз жеткізіңіз.

•• ТД-дың Қуат түймесін басып, ақаулықтың қашықтан басқару пультіне байланысты емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер ТД қосылса, төмендегі “Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді” тармағын қараңыз.

Сыртқы құрылғыдан сурет/бейне/дыбыс берілмейді немесе бұрмаланған сурет/бейне/ дыбыс шығады немесе теледидарда “Сигнал әлсіз не жоқ” хабары көрсетіледі немесе сіз арнаны таба алмай тұрсыз.

•• Қосылымның құрылғыға дұрыс жалғанғанына және барлық сымдардың толық қосылғанына көз жеткізіңіз.

•• ТД-ға және сыртқы құрылғыларға қосылған барлық сымдарды ағытып, қайта жалғаңыз. Егер мүмкін

болса жаңа сымдарды қолданыңыз.

 

 

•• Дұрыс кіріс сигнал көзі таңдалғанын растаңыз (> Сигнал көзі).

•• Ақаулықтың теледидарда немесе құрылғыда екенін анықтау үшін теледидардың өздігінен

диагностикалау функциясын орындаңыз (

>

Баптаулар > Қолдау > Өзін-к диагностика > Сурет
сынағын бастау немесе Дыбыс сынағын бастау).

•• Сынақтың нәтижелері қалыпты болса, барлық қосылған құрылғының қуат сымын ағытып, қайта жалғап құрылғыларды қайта іске қосыңыз. Мәселе сонда да шешілмесе, қосылған құрылғының пайдаланушы нұсқаулығындағы қосылымды жүзеге асыру нұсқауын қараңыз.

•• Егер теледидар кабель немесе жерсерік қорапшасына жалғанбаған болса, арналарды іздеу

үшін Автоматты баптау функциясын орындаңыз ( >Баптаулар > Тарату > Автоматты баптау параметрлері > Автоматты баптау).

–– Бұл функцияға нақты географиялық аймақтардағы үлгілердің кейбіреуінде ғана қолжетімді.

Қазақ - 20