Кескінге жиек мәнері мен түсті қолдану

1.Жиек мәнері мен түсін өзгертіңіз келген кескінге жылжу үшін қашықтан басқару пультіндегі меңзер түймелердің көмегімен экранның жоғары жағындағы Күңгірт мәзіріне өтіңіз де, Таңдау түймесін басыңыз.

2.Қалаған жиек мәнері мен түсті таңдау үшін қашықтан басқару пультіндегі меңзер түймелерді пайдаланыңыз.

3.Таңдалған жақтау мәнері мен түсті сақтау үшін жақтау мәнерін өзгертіңіз де, содан кейін кескінді

таңдаңыз.

–– Егер шығу үшін түймесін бассаңыз, өзгертілген жақтау мәнері мен түс сақталмайды.

Графикалық сурет режимін Smart View қолданбасымен бірге пайдалану

Мобильді құрылғыға Smart View қолданбасын орнатқаннан кейін келесі функцияларды пайдалана аласыз: Smart View қолданбасын Google Play Store, Samsung Apps немесе App Store арқылы жүктеп алуға болады.

–– Мүмкіндіктері мен терминдері Smart View қолданбасының нұсқасына қарай өзгеріп отыруы мүмкін.

–– Планшеттерде Smart View қолданбасы Графикалық сурет режимінің функцияларына қолдау көрсетпеуі мүмкін.

•• Кескіндерді таңдау және орнату•• Картина қоймасына мүшелік жазылу•• Collage жасау: Бірнеше кескінді бір кескінге біріктіріңіз.•• Кескіндерге жақтау стилі мен түстерді қолдану•• Графикалық сурет режиміне түс реңкі мен жарықтылық параметрін орнату

•• Sleep After параметрін орнату: Графикалық сурет режимінде көрсетілген уақыт ішінде ешқандай қозғалыс байқалмаса, теледидар автоматты түрде өшеді.

•• Night Mode параметрін орнату: Бөлмеде ешбір жарық жоқ кезде The Frame автоматты түрде сөнетін етіп баптаңыз.

•• Motion Detector Sensitivity параметрін орнату: Датчиктің сезгіштік параметрін Графикалық сурет режимінде қозғалыс автоматты түрде анықталған кезде теледидар автоматты түрде іске қосылатындай етіп орнатыңыз.

•• Sound Mirroring параметрін орнату: Теледидар үндеткішін Bluetooth үндеткіші ретінде Графикалық сурет режимі арқылы пайдалануға болады.

Казақ

Қазақ - 15