•• Дизайны мен техникалық сипаттамалары алдын ала ескертусіз өзгертіледі.

•• Қуат көзіне қосу туралы ақпарат және тұтынылатын қуат туралы көбірек ақпарат алғыңыз келсе, өнімге жапсырылған жапсырманы қараңыз.

•• Ағытпаның қақпағының ішкі жағындағы жапсырмадан қуат ақпаратын көре аласыз.

Пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту

ТД-ды сөндірген кезде Күту режиміне ауысады. Күту режимінде тұрған кезде де шамалы мөлшерде электр қуатын пайдаланады. Пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту үшін ТД-ды ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде тоқ көзінен ағытыңыз.

Лицензиялар

The terms HDMI and HDMI High-Definition Multimedia Interface, and the HDMI Logo are trademarks or registered trademarks of HDMI Licensing LLC in the United States and other countries.

Ұсыныс - тек ЕО үшін ғана

Samsung Electronics осы мәлімдеме арқылы, осы ТД-дың 1999/5/EC ережесінің маңызды талаптары мен басқа да тиісті шарттарына сай келетінін мәлімдейді.

Ресми Сәйкестік декларациясына http://www.samsung.com, Қолдау және Өнімге қолдау көрсету қойындысына барып, үлгінің атауын енгізу арқылы қол жеткізуге болады.

Бұл құрылғы тек үй ішінде ғана қолдануға болады.

Бұл құрылғыны барлық ЕО елдерінде қолдануға болады.

Қазақ - 26