Бейнежазба бағдарламасының ақаулығы (Youtube, т.б.)

•• DNS мәнін 8.8.8.8 қалпына өзгертіңіз. >Баптаулар > Жалпы > Желі > Желі күйі > IP прм-лері> DNS парам-рі> Қолмен енгізу > DNS сервер таңдаңыз да, > 8.8.8.8 > OK енгізіңіз.

•• >Баптаулар > Қолдау > Өзін-к диагностика > Smart Hub параметрін бастапқы күйіне қайтару

таңдау арқылы бастапқы қалпына қайтарыңыз.

Теледидар қосылған қалпы тұрады немесе автоматты түрде қосылмайды.

•• Қоршаған орта тым қараңғы не өте жарық болса, қимыл сенсоры дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Қимыл сенсорының жұмысына орнату ортасындағы жағдайлар (биіктік, қисайту, кедергілер) әсер етуі мүмкін. Егер сіздің үстіңіздегі киіміңіз немесе теріңіздің түсі айналадағы реңктермен бірдей болса, қимыл датчигі дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

•• Теледидар айналадағы барлық көзге түсер өзгерістерге жауап береді (жарық, дисплейлер, иттер, терезенің сыртындағы өзгерістер және басқа жағдайлар). Анықтау сезгіштігін реттеу арқылы теледидардың әрекет ету деңгейін бейімдей аласыз.

Графикалық сурет режимін пайдалану кезіндегі сақтық шаралары

•• Теледидардың алдыңғы жағындағы датчикті бөгеп тастамаңыз. Қимыл датчигіне, сондай-ақ экранның жарықтылығы мен түс реңкіне кері әсер етуі мүмкін.

•• Экранда қимылсыз кескіндерді ұзақ уақыт көрсету себебінен пайда болатын экранның күйіп кетуін азайту үшін Графикалық сурет режимі алгоритмдерді пайдаланады. Теледидар режиміндегі қимылсыз кескіндерге қатысты ескертулерді "Қимылсыз кескіндерге қатысты ескерту" тармағын қараңыз.

•• Қимыл сенсорының жұмысы теледидарды орнату және жұмыс істеу ортасына қарай әр түрлі болуы мүмкін.

–– Экранның жарықтылығы мен түсіне теледидардың астыңғы жағындағы түс әсер етуі мүмкін.

–– Әдеттегі жарық көздерінен басқа арнайы жарық көздері (галоген, күндізгі жарық шамы) пайдаланылатын ортада датчиктің қимыл-қозғалысты тану жұмысы жарық көздерінің орналасуына, түріне және санына қарай әр түрлі болуы мүмкін.

–– Теледидардың айналасы тым қараңғы не өте жарық болса, экранның жарығы шектеулі болуы не сенсор дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

–– Теледидар өте жоғары не өте төмен орнатылса, сенсор дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

–– Қимыл датчигі жыпылықтаған жарық диодтың, үй жануарының, терезенің сыртында жүріп келе жатқан көліктің немесе басқа жайттың қимылын сезіп, жұмыс істей бастауы мүмкін.

•• Қуат. авто ө. функциясының параметрлеріне қарай Графикалық сурет режимінде пайдаланушы тарапынан ешбір әрекет байқалмаса, мысалы қашықтан басқару пульті арқылы, теледидар сөніп қалуы мүмкін.

•• Ұйқы таймері / Өшіретін таймер функциясы Графикалық сурет режимінде жұмыс істемейді.

Қазақ - 22