Ескертпелер мен ескертулер

Зарядтау

Ескертпе

ff Егер батарея зарядтау кезінде асқын қызып кетсе, зарядтау уақыты ұзағырақ болады.

ff Автозарядталу функциясы жұмыс істемесе, төмендегілерді іске асырыңыз:

–– Төтенше қосқышты (POWERbot шаңсорғыштың астындағы) сөндіріңіз де, қайта қосыңыз.

–– Зарядтау блогының қуат ашасын ағытып, содан кейін қайта қосыңыз.

–– Зарядтау блогын тоқтан ажыратыңыз да, POWERbot шаңсорғышының зарядтағыш істіктерінде бөгде заттың бар-жоғын тексеріп, зарядтау блогының зарядтау істіктерін құрғақ матамен немесе шүберекпен тазалаңыз.

–– Зарядтау блогының жанында шағылыстырғыш заттар, орындықтар т.б. бар-жоғын тексеріңіз.

ff POWERbot шаңсорғыш зарядтау блогынан ағытулы күйде қалса, батарея өзінен өзі таусылады.

–– POWERbot шаңсорғышын зарядтау блогында зарядтаған қалпы ұстауға тырысыңыз. (Дегенмен, іс-сапарға немесе демалысқа кету т.б. сияқты ұзақ уақытқа үйден кетуді жоспарлағанда, төтенше жағдай қосқышын сөндіріп, зарядтау блогын ағытып қойыңыз.)

Пайдалану

Ескертпе

ff POWERbot тазалау барысында табалдырықтарға т.б. тіреліп қалуы мүмкін.

–– Жұмысты қайта бастау үшін төтенше қосқышты өшіріңіз де, POWERbot шаңсорғышын оңай қозғала алатын жерге апарып, қайтадан тоққа қосыңыз.

ff POWERbot шаңсорғыш бұрыш, қабырға мен диванның арасы. т.б. тәрізді бара алмайтын жерлерді толық тазалай алмайды.

–– Оларды дұрыс тазалау үшін басқа тазалау құралын пайдаланыңыз.

ff Егер POWERbot шаңсорғышы өшірулі болса, оны қашықтан басқару пультіндегі Қуат түймесін басу арқылы іске қосу мүмкін емес. POWERbot шаңсорғыштың Бастау/Тоқтату түймесін басып ұстап тұрыңыз.

ff POWERbot зарядталып жатқан кезде Іріктеп тазалау режимін таңдап, орындау мүмкін емес.

ff Зарядталу кезінде Қолмен тазалау / Нысаналы тазалау түймесін бассаңыз, POWERbot зарядтау блогынан ағытылып, содан кейін күту режиміне ауысады.

Тазалау және күтіп ұстау

Ескертпе

ff Егер шаң сауыты мен сүзгіні сумен жусаңыз

–– Шаң сауыты: Суды әбден құрғатып алыңыз.

–– Сүзгі: Пайдаланар алдында көлеңкеде әбден құрғатыңыз.

ff Автоқақпақ құралын тазалаған кезде, оны сыртқа тым қатты тартпаңыз.

Абай болыңыз

ff Сүзгіні алып-салған кезде саусағыңызға абай болыңыз, себебі ол шаң сауытының ұңғысына қысылып қалуы мүмкін.

ff Бөгде заттың кептелуіне жол бермеу үшін POWERbot шаңсорғышының тіс шұқығыш, мақта таяқша, т.с.с үстіне шығуына жол бермеңіз.

ff Шөткеден бөгде заттарды алу қиын болса, Samsung уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ff Шөтке тазалау барысында кір-қоқысты кетіретіндіктен, жіп, ұзын шаш т.б. сияқты бөгде заттар оның ішіне кептеліп қалуы мүмкін. Тазалау нәтижелері барынша жақсы болуы үшін оны үнемі тексеріп, тазалап отырыңыз.

ff POWERbot шаңсорғыш жабысып қалған қоқысты тазалай алмайды, сондықтан тазалағаннан кейін еденде кейбір кір-қоқыс қалуы мүмкін.

–– Оларды дұрыс тазалау үшін басқа тазалау құралын пайдаланыңыз.

ҚАЗАҚША30

Page 110
Image 110
Samsung VR10M7030WW/EV manual Ескертпелер мен ескертулер, Зарядтау, Пайдалану, Тазалау және күтіп ұстау, ҚАЗАҚША30