ff POWERbot шаңсорғышты қара бояумен сырланған еденде пайдаланбаңыз.

–– Мұндай жағдайда POWERbot шаңсорғыш дұрыс жұмыс істей алмауы мүмкін.

ff Зарядтау блогының екі жағынан 0,5 м жерге және алдыңғы жағынан 1 м жерге ешқандай заттар қоймаңыз.

ff Зарядтау блогының зарядтағыш түйіспесінің бүлінбегеніне және үстінде ешқандай бөгде заттардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

ff Зарядтау блогын қара түсті едені бар жерге орнатпаңыз.

–– Егер зарядтау блогының айналасындағы еден қара болса, зарядтау баяулайды.

ff Тазалар алдында POWERbot's шаңсорғыштың қозғалуына бөгет болуы мүмкін кедергілерді (балалардың үйдегі әткеншегі немесе шанасы сияқты) алып тастаңыз.

ff POWERbot шаңсорғышының бұрылу радиусынан тарырақ жерлерде (0,5 м немесе одан кем) POWERbot шаңсорғышын пайдаланбаңыз.

ff Үйіңіздің барлық жерлерін тазалау үшін барлық бөлмелерді ашып қойыңыз да, сыртқы есік, веранда. жуынатын бөлме мен басқыш сияқты, POWERbot бүлінуі мүмкін жерлерге қауіпсіздік мақсатында межелік белгілерді жапсырыңыз.

ff POWERbot төңкеріліп кетуі мүмкін өте аласа жерлерге POWERbot шаңсорғышының кіріп кетуіне жол бермеу үшін межелік белгілерді жапсырыңыз.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ Қолданубарысында

ff POWERbot шаңсорғышын қалың кілем үстінде пайдаланса, POWERbot шаңсорғышқа және кілемге нұқсан келуі мүмкін.

–– POWERbot шаңсорғыш қалыңдығы 1 см-ден артық кілемнен өте алмайды.

ff POWERbot шаңсорғышты үстелдің үстінде немесе басқа биік жерде қолданбаңыз.

–– Егер ол құлап кетсе, бұзылып қалуы мүмкін.

ff POWERbot шаңсорғыш орындыққа, үстелдің аяқтарына соғылып қалуы мүмкін, сондықтан тез әрі тиімді тазалау үшін оларды әрі қойыңыз.

ff POWERbot шаңсорғыш робот жұмыс істеп тұрғанда, оны көтеруге немесе басқа жерге апаруға болмайды.

ff POWERbot шаңсорғышты басқа жерге апарған кезде, оның қозғалтқыш доңғалақтарынан ұстамаңыз.

ff POWERbot шаңсорғышы мен камераның үстіне ешбір зат қоймаңыз, себебі дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін.

ff POWERbot шаңсорғышты пайдалану кезінде кез келген үлкен қағаздарды немесе пластик қапшықтарды дереу алып тастаңыз, себебі олар ұңғыны бітеп тастауы мүмкін.

ff Қызыл нұсқағышты адамдарға немесе жануарларға тура бағыттамаңыз.

ff POWERBOT шаңсорғышы жұмыс істеп тұрған аймақта жатуға болмайды.

–– Шөткеге шашыңыз қыстырылып қалып, жарақат алуыңыз мүмкін.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Тазалау және күтіп

 

ұстау

ff Төмендегі талаптарды орындап, POWERbot шаңсорғыштың бұзылуына жол бермеңіз.

–– POWERbot шаңсорғышқа тура су шашып тазалауға немесе оны тазалау үшін бензол, сұйылтқыш, ацетон немесе спиртті пайдалануға болмайды.

ff POWERbot шаңсорғышын бөлшектемеңіз немесе жөндемеңіз. Мұны тек білікті техник маман іске асыруға тиіс.

ff Кедергі датчигін, еңісті сезгіш датчик пен камераны әрқашан таза ұстаңыз.

–– Егер бөгде заттар жиналса, сенсорлар дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

ҚАЗАҚША07

Page 87
Image 87
Samsung VR10M7030WG/EV, VR20M7070WS/EV, VR10M7010UW/EV, VR10M7030WW/EV manual ҚАЗАҚША07, Абай Болыңыз Қолданубарысында