Қауіпсіздік туралы ақпарат

МАҢЫЗДЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Электрлі құрылғыны қолданған кезде, негізгі сақтық шараларын сақтау керек, соның ішінде:

POWERbot ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА НҰСҚАУЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫН ОҚЫҢЫЗ. Құрылғыны қолданбаған кезде және жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында тоқтан ажырату керек.

ЕСКЕРТУ: өрт, ток соғу немесе жарақат алу қатерін азайту үшін:

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Тек нұсқаулық бойынша қолданыңыз.

Қандай да бір нұқсан келген POWERbot шаңсорғышын немесе батарея зарядтағышты / зарядтау блогын іске қоспаңыз.

Егер шаңсорғыш дұрыс жұмыс істемей тұрса, құлап қалса, бұзылып қалса, далада қалса немесе суға түсіп кетсе тұтынушыға қызмет көрсету орталығына апарыңыз.

Батарея зарядтағышты / зарядтау блогын немесе POWERbot шаңсорғышын дымқыл қолмен ұстамаңыз.

Тек үйдің ішінде, құрғақ жерде ғана қолданыңыз.

Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) қолдануға арналмаған. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс. Балаларға ересектердің бақылауынсыз тазалауға және құрылғыны жөндеуге тыйым салынған.

Батарея зарядтағыш / зарядтау блогы

Полюстары бар ашаны, полюстары жоқ розеткаға немесе ұзартқышқа жалғау үшін өзгертпеңіз.

Далада немесе дымқыл жерге қойып пайдаланбаңыз.

Қолданбаған кезде және күтім көрсетер алдында батарея зарядтағышты / зарядтау блогын розеткадан ағытыңыз.

Қайта зарядтау үшін тек өндірушіден келген жинақтағы батарея зарядтағышты / зарядтау блогын ғана қолданыңыз.

Зақымданған қуат сымымен, ашамен немесе босап тұрған розеткамен бірге қолданбаңыз.

Шаңсорғышты сымынан тартып жылжытпаңыз, сымды тұтқаның орнына қолданбаңыз, есікті жапқанда сымды астына қалдырмаңыз, немесе сымды өткір жиектер мен бұрыштарға тигізіп тартпаңыз. Сымды заттың қызып тұрған беттерінен алыс ұстаңыз.

Тоқ өткізгіштігі сай келмейтін ұзартқыш сымдарды немесе розеткаларды қолданбаңыз.

Тоқтан ажыратқанда сымынан тартпаңыз. Сымынан тартпай, ашасын мықтап ұстап суырыңыз.

Батареяларды бұзбаңыз немесе тұтатпаңыз, себебі жоғары температурда жарылып кетуі мүмкін.

Батарея зарядтағышты / зарядтау блогын ашуға әрекет жасамаңыз. Жөндеу жұмыстарын тек уәкілетті қызмет көрсету орталығы ғана жүзеге асыруға тиіс.

ҚАЗАҚША04

Page 84
Image 84
Samsung VR20M7070WS/EV, VR10M7010UW/EV, VR10M7030WW/EV, VR10M7030WG/EV manual Батарея зарядтағыш / зарядтау блогы, ҚАЗАҚША04