Samsung Smart Home қолданбасы

Samsung Smart Home қолданбасы тек Wi-Fi функциясы бар үлгілерде ғана қолданылады.

Желіні дайындау

Сымсыз роутерді орнату

ffБұл құрылғы тек DHCP (Динамикалық хост теңшеу протоколы) протоколына ғана қолдану көрсетеді. DHCP сервері опциясының немесе сымсыз роутердің қосылғанын тексеріңіз.

ffСымсыз роутердің қолдау көрсететін рұқсаты/кодтау тәсіліне WEP-OPEN, WPA-PSK/TKIP және WPA2-PSK/AES 801.11n. жатады.

–– WPA2-PSK/AES қолдануды ұсынамыз.

ffСымсыз желі байланысының сапасына сымсыз ортадағы жағдайлар әсер етуі мүмкін.

ffИнтернет провайдеріңіз ДК немесе модеміңіздің MAC мекенжайын (бірегей идентификация нөмірі) тұрақты түрде тіркеп алса, POWERbot интернетке қосыла алмауы мүмкін. Интернет провайдеріңізден ДК-ден басқа құрылғыны интернетке қосу процедурасын сұраңыз.

ffИнтернет провайдеріңіз интернетке қосылу үшін идентификаторыңызды немесе құпия сөзіңізді қажет етсе, POWERbot интернетке қосыла алмауы мүмкін. Бұндай жағдайда интернетке қосылу үшін идентификаторыңызды немесе құпия сөзіңізді енгізіңіз.

ffБрандмауэр мәселесіне байланысты интернетке қосылу мүмкін болмауы ықтимал. Интернет провайдеріңізден осы мәселені шешуді сұраңыз.

ffКейбір сымсыз роутерлерде, тіптен интернет қосылмай тұрса да әдеттегіден өзгеше Домен атауының сервері (DNS) мекенжайы болуы мүмкін. Бұндай жағдайда, провайдерден және интернет провайдерінен сай келетін роутер сұраңыз.

ffИнтернет провайдеріңіз берген процедураны орындағаннан кейін де интернетке қосыла алмасаңыз, агенттіктен немесе Samsung Electronics қызмет көрсету орталығынан сұраңыз.

Ескертпе

ff Кедергісіз қосыла алатын роутердің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

ff Samsung POWERbot шаңсорғышы тек Wi-Fi 2.4 ГГц жиілігіне ғана қолдау көрсетеді.

ff Samsung POWERbot қолдау көрсететін байланыс протокол тәсілдері: IEEE 802.11b/g/n және Wi-Fi Direct. (Samsung Electronics сізге IEEE 802.11n. пайдалануды ұсынады)

ff Wi-Fi желісіне қосылуға рұқсаты жоқ сымсыз роутер, POWERbot шаңсорғышына қосыла алмауы мүмкін.

ff Ток қосылып, POWERbot зарядтау блогына қойылған кезде, POWERbot серверге қосылады да, бағдарламалық жасақтама жаңартулары бар-жоғын тексереді. Бағдарламалық жасақтаманың соңғы жаңартулары бар болса, автоматты түрде жүктеледі және жаңартылады.

ff POWERbot зарядталып тұрғанда дисплейде “UP” жазуы көрінсе, жаңарту орындалу үстінде екенін көрсетеді. Қайта жүктеу аяқталғанша күтіңіз.

ҚАЗАҚША26

3_VR7000_KK_DJ68-00763M-01_CIS.indd 26

2017-03-21 오전 11:14:23

Page 106
Image 106
Samsung VR20M7050US/EV, VR20M7070WS/EV, VR10M7010UW/EV, VR10M7030WW/EV Желіні дайындау, Сымсыз роутерді орнату, ҚАЗАҚША26