Кір жуу

Циклды ауыстырғышты пайдалана отырып кір жуу

Samsung компаниясы шығарған Fuzzy Control кір жууды автоматты басқару жүйесінің арқасында кір жуу оңай, əрі ұнамды іс болады. Кір жуу бағдарламасын таңдаған кезде машина дұрыс температураны, кір жуу уақыты мен жылдамдығын өзі белгілейді.

1.Су құбыры кранын ашыңыз.

2.Қосу түймешесін басыңыз.

3.Есігін ашыңыз.

4.Заттарды кезекпен мөлшерден асырмай машина багына тығыздамай бос етіп салыңыз.

5.Есігін жабыңыз.

6.Бөліктерге сəйкес келетін кір жуу құралын, кір жууға арналған кондиционер мен алдын ала арнайы арналған бөліктеріне салыңыз.

Алдын ала кір жуу режимі «Мақта», «Синтетика», «Джинсылар», «Төсек орын тысы», «Қара киімдер», «Күнделікті кір жуу» жəне «Балалар киімі» циклдары таңдалса ғана қосылады. Мұндай жуу заттар өте кір болса ғана қолданылады.

7.Мата түріне сəйкес қажет циклді таңдау үшін цикл ауыстырғышты пайдаланыңыз: «Мақта», «Синтетика», «Джинсылар», «Төсек орын тысы», «Қара киімдер», «Күнделікті кір жуу»,«Интенсивті Eco жуу», «Сыртқы киім», «Балалар киімі», «Тоқыма мата» жəне «Қолмен жуу» . Басқару панелінде сəйкес индикаторлар жанып тұрады.

8.Енді сəйкес түймешелердің көмегімен кір жуу температурасын, шаю санын, сығудың айналым саны мен кейінге қалдыру уақытын таңдауға болады.

9.Қосу/Тоқтатып қою түймешесін басыңыз, кір жуу басталады. Кір жуу индикаторы жанып, дисплейде кір жуу циклінің қалған уақыты көрсетіледі.

Тоқтатып қою қызметі

Кір жуу басталғаннан кейін 5 минут ішінде кірді қосуға немесе азайтуға болады.

1.Есігін ашу үшін Қосу/Тоқтатып қою түймешесін басыңыз.

Егер су өте ЫСТЫҚ немесе су деңгейі өте ЖОҒАРЫ болса, есікті ашуға болмайды.

2.Есігін жапқаннан кейін кір жууды жалғастыру үшін Қосу/Тоқтатып қою түймешесін басыңыз.

Кір жуу циклі аяқталды.

Барлық цикл аяқталғаннан кейін, дисплейде 5 минут бойы “Соңы” сөзі пайда болады, содан кейін автоматты түрде өшіріледі.

1.Есігін ашыңыз.

2.Кірді шығарыңыз.

28_ Кір жуу

WF0702WJ-02907D-03_KK.indd 28

2011-2-19 10:20:42

Page 116
Image 116
Samsung WF0602WJW/YLP, WF0602WJWDYLP manual Циклды ауыстырғышты пайдалана отырып кір жуу, 28 Кір жуу, Тоқтатып қою қызметі