Сақтандыру шаралары
Машинаның үстіне шықпаңыз жəне оған заттар (кір, жанған шам, өшірілмеген темекі, ыдыс, химикаттар, темір заттар сияқты жəне т.б.) қоймаңыз.
-Бұл электр тоғының соғуына, өртенуге, машинаның сынуына немесе жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Машинаның үстіне инсектицидтер сияқты тез буланатын заттарды шашпаңыз.
-Олар адамдарға зиянды болумен қатар электр тоғының соғуына, өртенуге жəне машинаның сынуына əкелуі мүмкін.
Кір жуғыш машинаның жанына электр магнит аумағын тудыратын приборларды қоймаңыз.
-Бұл машина жұмысының бұзылуынан жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Жуу жəне кептіру режимдерінде төгілетін су жоғары температурада болатындықтан, бұл суға жоламаңыз.
-Бұл күюге немесе жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Егер машинаңызда мына заттарды жууға арналған бағдарлама болмаса, орындыққа арналған су өткізбейтін көпшіктерді, шыпта немесе киімдерді (*) жумаңыз, сықпаңыз жəне кептірмеңіз.
-Қалың, қатты циновкаларды жумаңыз.
-Бұл жарақаттануға əкеледі немесе шамадан тыс дірілдің нəтижесінде кір жуғыш машинаны, қабырғаны, еденді немесе киімді бүлдіруі мүмкін.
*Жүннен жасалған төсек жабдықтары, жаңбырдан қорғану үшін киетін киімдер, балықшы киімі, шаңғышы шалбары, ұйықтайтын қап, балалар жөргегі, тоқыма спорт киімдері,
Егер кір жуғыш заттар қорабы орнына қойылмаса, машинаны қоспаңыз.
-Бұл электр тоғының соғуына немесе судың ағуынан жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Кептіру кезінде немесе одан кейін де бактың ішкі жағын ұстамаңыз, себебі ол ыстық.
-Бұл күйіп қалуға əкелуі мүмкін.
Кір жуғыш құралдарды салатын қорапты ашқаннан кейін, қолыңызды салмаңыз.
-Бұл жарақаттануға əкелуі мүмкін, себебі сіздің қолыңызды кір жуғыш құралдарды енгізетін құрылғы орап кетуі мүмкін. Кір жуғыш машинаға тек жууға болатын заттардан басқа заттарды (бəтіңке, тағам қалдықтары, жануарлар сияқты) салмаңыз.
-Қатты дірілдің нəтижесінде кір машина сынып немесе үй жануарлары жарақаттанып, өлуі де мүмкін.
Түймешелерді шпилька, пышақ, шеге жəне т.б. сияқты үшкір заттармен баспаңыз.
-Бұл электр тоғының соғуына немесе жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Теріні күтуге арналған заттарды сататын арнайы дүкендерде немесе массаж жасайтын емханаларда сатылатын май, крем немесе лосьонмен ластанған кірлерді жумаңыз.
-Бұл тығыздағыш резеңкенің деформацияланып, сыртқа су жіберу жағдайына əкелуі мүмкін.
Ағылшын түйреуіші немесе шаш қыстырғыш немесе тюбиктегі ағартқыш сияқты темір заттарды барабанда ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
-Нəтижесінде, барабанды тот басып кетуі мүмкін
-Егер барабан бетін тот баса бастаса, оған жуатын құрал (бейтарап) жағып, оны тазалау үшін губканы пайдаланыңыз. Темір щетканы ешқашан қолданбаңыз.
Құрғақ химиялық тазалау құралдарын пайдаланбаңыз жəне құрғақ химиялық тазалау құралдарымен ластанған кірді жумаңыз, шаймаңыз жəне сықпаңыз.
-Бұл мұнай тотығуынан болатын жоғары температураның салдарынан өздігінен тұтанып, өртенуі мүмкін.