Сақтандыру шаралары

Машинаның кірленген жерлерін бензинмен, керосинмен, бензолмен, бояу еріткішпен, спиртпен жəне басқа да өртенгіш немесе жарылғыш заттармен жумаңыз.

-Бұл электр тоғының соғуына, өртенуге жəне жарылысқа əкелуі мүмкін.

Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрғанда (жоғары температурадағы сумен жуу/кептіру/ сығу режимдерінде) оның есігін күшпен ашпаңыз.

-Кір жуғыш машинадан аққан су күйдіруі, еденді сырғанақ етуі мүмкін. Бұл жарақаттануға əкелуі мүмкін.

-Есікті күштеп ашу машинаның сынуына немесе жарақат алуға əкелуі мүмкін.

Қолыңызды машинаның астына тықпаңыз.

-Бұл жарақаттануға əкелуі мүмкін.

Қуаттану айырын су қолмен ұстамаңыз.

-Бұл электр тоғының соғуына əкелуі мүмкін.

Машина жұмыс істеп тұрған кезде оны өшіру үшін қуаттану айырын суырмаңыз.

-Қуаттану айырын қабырға розеткасына қайта тығу ұшқын пайда болып, электр тоғы соғуы мен өртенуге əкелуі мүмкін.

Балалар мен əлсіз адамдарға қараусыз бұл машинана пайдалануға рұқсат бермеңіз. Балаларды машинаның үстіне шығармаңыз.

-Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына, күю немесе жарақат алуға əкелуі мүмкін.

Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрған кезде қолыңызды немесе басқа бір темір затты астына тықпаңыз.

-Бұл жарақаттануға əкелуі мүмкін.

Машинаны қуаттану шнурынан тартып өшірмеңіз, айырды мықтап ұстап, қуаттану розеткасынан тікелей суырыңыз.

-Шнурдың бүлінуі қысқа тұйықталуға, өртенуге жəне/немесе электр тоғының соғуына əкелуі мүмкін.

Машинаны өздігіңізден жөндеуге, бөлшектеп тастауға немесе қайта жасауға тырыспаңыз.

-Стандартты ерігіш басқа ерігіш сақтандырғыштарды (мысалы, мыс қойғыш, болат сымы жəне т.б.) пайдаланбаңыз.

-Егер машинаны жөндеу немесе қайтадан орнату керек болса жақын маңайдағы қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.

-Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына, өртенуге, машинаның сынуына немесе жарақаттануға əкелуі мүмкін.

Егер құрылғы басқа зат мəселен, қажет емес жеріне су кіріп кеткен болса жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

-Бұл талапты орындамау электр тогынің соғуына немесе өртенуге əкелуі мүмкін.

Егер су жіберетін шланг краннан шығып кетіп, машинаға су құйыла бастаса қуаттану айырын суырып тастаңыз.

-Егер су жіберетін шланг краннан шығып кетіп, машинаға су құйыла бастаса қуаттану айырын суырып тастаңыз.

Егер машина ұзақ уақыт пайдаланылмайтын немесе күн күркіреп/найзағай жарқырап жаңбыр жауса қуаттану айырын ажыратып тастаңыз.

-Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге əкелуі мүмкін.

8_ Сақтандыру шаралары

WF0702WJ-02907D-03_KK.indd 8

2011-2-19 10:20:16

Page 96
Image 96
Samsung WF0602WJWDYLP, WF0702WJW/YLP, WF0602WJW/YLP manual Сақтандыру шаралары