Су ағызатын шлангты қосу

Samsung компаниясы биіктігі 46 см тік құбырды пайдалануға кеңес береді. Су ағызатын шланг ұстағыш арқылы тік құбырға бағытталуы керек. Тік құбырдың ішкі диаметрі суды ағызатын шлангтің сыртқы диаметрінен үлкенірек болуы керек. Су ағызатын шланг кір жуғыш машинаға фабрикада жалғастырылған.

Машинаны орнатуға орын таңдау

Кір жуғыш машинаны мықты еденге орнатқан жөн. Ағаш еденге орнатқан кезде діріл мен үйлеспеген ауырлықты азайту үшін оны бекітіп қойған жөн. Кір жуғыш машинаны кілемнің немесе жұмсақ плитаның үстіне орнатқан кезде оның дірілі күшейе түседі; сыққан кезде кір жуғыш машина аздап қозғалады.

Кір жуғыш машинаны тақтай тұғырға және қатты емес қабатқа орнатпаңыз.

Үй-жайдағы температура

Кір жуғыш машинаны су қатып қалуы мүмкін орындарға орнатпаңыз, себебі машинада әрқашан (су клапанында, сорғыда және шлангтерде) аздаған су қалып қалады. Қатып қалған су жетек тартпасын, сорапты және басқа да бөліктерді бұзуы мүмкін.

Шкафтар мен жабық орындарда орнату

Кір жуғыш машина қауіпсіз жұмыс істеу үшін саңылаулар төмендегідей болуы керек:

жандарынан — 25 мм

арт жағынан — 50 мм

жоғарғы жағынан — 25 мм

алдынан — 465 мм

Кептіргіші бар кір жуғыш машинаны орнатқан кезде алдынан кем дегенде 465 мм кем емес саңылау қалдыру керек. Бір кір жуғыш машинаға саңылау қажет емес.

Кір жуғыш машинаны орнату

1-ҚАДАМ

Машинаны орнатуға орын таңдау

Кір жуғыш машинаны орнатпас бұрын. Орнатылатын орын төмендегі талаптарға сәйкес болуына көз жеткізіңіз:

желдетуге кедергі келтіретін кілем және басқа да жапқыштар жоқ тегіс, қатты еден;

орын тікелей күн сәулесінің түсуінен қорғалуы керек;

оңай желдетілу керек;

температура 0°-тан төмен болмауы керек;

жылу көздерінен (маймен немесе газбен жылытқыштар) алыс орналасу керек;

электр қуаты кабелі кір жуғыш машинаның астында қалып қалмайтындай кең орын.

Кір жуғыш машинаны орнату _15

01 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ

WF7022BB-03149A-08_KK.indd 15

2014/8/11 14:24:29

Page 103
Image 103
Samsung WF602B2BKWQDLP, WF702B2BBWQDLP Кір жуғыш машинаны орнату, Су ағызатын шлангты қосу, Машинаны орнатуға орын таңдау