Бұл ескерту белгілері осы жерде сіздің және басқа адамдардың жарақаттануының алдын алу мақсатында орналастырылған.

Бұларды мұқият ұстаныңыз.

Осы бөлімді оқып болғаннан кейін сізге болашақта керек болып қалатын ақпаратты іздеу үшін сенімді жерде сақтаңыз.

Осы машинаны пайдаланбас бұрын, нұсқаулықты оқып шығыңыз.

Бұл машинға да кез келген басқа құралдар сияқты электр қуаты мен қозғалмалы бөлшектер қолданылатындықтан өте қауіпті. Машинамен қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін оның қалай істейтіндігімен танысыңыз және оны пайдаланған кезде күтім жасаңыз.

Балаларға (немесе үй жануарларына) өзіңіздің кір жуғыш машинаңызда немесе соның ішінде ойнауына жол бермеңіз. Кір жуғыш машинаның есігін іштен ашу өте қиын, сондықтан балалар машинаның ішінде қалып қойса, қатты зақым келуі мүмкін.

Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқандар ғана қолдануға тиіс және кембағал,

ЕСКЕРТУ сезім жүйесі дамымаған немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар құрылғыны қауіпсіз қолдану, қатерлі жағдайлар туралы нұсқау алса немесе тиісті адамның қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс. Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс. Балалар үлкендердің қарауынсыз тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын орындамауға тиіс.

Балалардың машинамен ойнамайтындығына сенімді болу үшін оларға қарап жүріңіз.

Егер штепсельдік вилка (электр қуатының сымы) зақымдалған болса, оның қауіпсіздігін болдыртпау үшін, оны өндіруші немесе оның сервистік агенті немесе басқа білікті маман алмастыруы керек.

Кір жуғыш машинаны штепсельдік вилкаға, су өткізгіш құбырға және су айдағыш құбырларға жететіндей етіп орнату керек.

Желдеткіш саңылауы бар кір жуғыш машиналар үшін мұндай саңылаулар кілемдермен немесе басқа да заттармен жабылып қалмауын қамтамасыз етіңіз.

Шлангалардың жаңа жинағын пайдаланыңыз, ескі шланг жинақтарын пайдаланбаңыз.

WEEE БЕЛГІСІНЕ ҚАТЫСТЫ НҰСҚАУЛЫҚТАР

Бұл машинадан қалай құтылу керек (Керек емес электр және электронды құрылғылары)

(Қоқысты бөлек жинау жүйесі бар Еуропа Одағы елдеріне және басқа да еуропа елдеріне қатысты)

Бұйымдағы, қосымша жабдықтардағы немесе баспа өнімдеріндегі бұл белгі бұйымды және оның қосымша электронды құрылғыларын (мысалы, қуаттау құрылғысы, тыңдау құрылғылары, USB кабель) жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін басқа үй қалдықтарымен бірге лақтыруға болмайтынын білдіреді. Қажет емес заттарды қалай болса солай тастаудың нәтижесінде қоршаған ортаға немесе адамдардың денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігін болдырмау үшін көрсетілген бөліктерді тасталатын құрылғының басқа бөліктерінен бөлек алып, материалды ресурстарды тиімді қайта пайдалануға үлес қосу үшін қайтадан кәдеге жаратыңыз.

Үй тұтынушыларына осы құрылғыны қайтадан экологиялық қауіпсіз пайдалануға оны қайда және қалай өткізуге болатындығын білу үшін сатып алған жеке сатушымен немесе жергілікті билік кеңсесімен байланысқан жөн.

Бизнеспен айналысатын тұтынушылар, өздерінің жеткізушілерімен байланысып, ережелер мен сатып алу шарттарын тексерулері керек. Бұл бұйымды және оның электронды жабдықтарын басқа коммерциялық қалдықтармен бірге лақтырудың қажеті жоқ.

Сақтандыру шаралары _5

WF702W0BD-03241A_KK.indd 5

2012-12-27 16:10:10

Page 89
Image 89
Samsung WF602W0BCSD/LP, WF702W0BDWQ/LP, WF602W0BCWQ/LP, WF602W0BCWQDLP, WF600W0BCWQ/LP Weee Белгісіне Қатысты Нұсқаулықтар