Tefal BL841140 manual Жұмысқа Дайындақ, Бағдарламаларды Іске Қосу, Кеңестер, Сурет

Models: BL841140

1 137
Download 137 pages 38.87 Kb
Page 109
Image 109

ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАҚ

• Бір қолыңызбен сорпа пісіргіштің бүйір сабынан ұстап тұрып, жоғарғы саптың көмегімен жоғары қарай тарту арқылы қозғалтқыш блогін екінші қолыңызбен алыңыз (1 сурет).

• Құрам бөліктерді сорпа пісіргіштегі тостағанға салыңыз (2 сурет).

Кеңестер:

- Үнемі көкөністерді бірінші салыңыз, сосын қалған құрам бөліктерді (күріш, ет) салыңыз.

- Құрам бөліктерді 2 см етіп текшелеп тураңыз.

- Барлық мұздатылған құрам бөліктерді сорпа пісіргіштің тостағына салудан бұрын жібіту керек.

• Сосын P1 және P2 режімдері үшін MAX және MIN (3 сурет) тостағанды толтыру деңгейлерін қатаң сақтай отырып, су қосыңыз. P3 режімінде нәрсу дайындау үшін 800 г-нан артық емес жеміс-жидекті және 150 мл-дан кем емес сұйықтықты қолдануға болады.

• Құрам бөліктерді сұйықтықпен бірге араластырыңыз (4 сурет).

• Екі ажырандының да (D және E) беттескеніне және дұрыс байланысқанына көз жеткізіп қозғалтқыш блогін тостағанға қайта орнатыңыз (5 сурет).

• Электрмен қоректендіру баусымын сорпа пісіргіш тостағанының сабындағы ажырандыға жалғаңыз және баусымның ашасын электрмен қоректендіру розеткасына қосыңыз (6 сурет).

• Басқару аспапбетіндегі функционалдық батырмалары жыпылықтай бастайды.

БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСУ

• Сәйкес батырманы басу арқылы қажет бағдарламаны таңдаңыз (7 сурет). Таңдалған бағдарламаның функционалдық батырмасы жыпылықтай бастайды.

• Бағдарламаны іске қосу үшін start батырмасын басыңыз. Құрал дыбыстық белгі береді, ал start батырмасы және таңдалған бағдарламаның функционалдық батырмасы оның жұмысы толық аяқталғанша жануын жалғастырады (8 сурет).

• Бағдарлама өз жұмысын аяқтағаннан кейін құрал дыбыстық белгі береді. P1, P2 және P3 бағдарламаларының жұмысы аяқталғаннан кейін құрал 40 минут бойы сақтап тұратын KK жылыту режіміне автоматты түрде көшеді және сол кезде сәйкес айқындағыш жанады (9 сурет).

Ескертпе. Сіз start/stop батырмасын басу арқылы кез келген уақытта бағдарлама жұмысын тоқтата аласыз.

Start/stop батырмасын басу арқылы бағдарламаның жұмыс айналымын тоқтатқан жағдайда немесе қозғалтқыш блогін ашқан кезде, құралдың салқындауы үшін 20 минут күтіп, қажет бағдарламаны іске қосу арқылы тағамдарды дайындау үдерісін қайта жаңғырту қажет.

• Электрмен қоректендіру баусымын айнымалы тоқ розеткасынан ажыратыңыз, сосын оны құралдан алып тастаңыз.

• Бір қолыңызбен сорпа пісіргіштің бүйір сабынан ұстап тұрып, жоғарғы саптың көмегімен жоғары қарай тарту арқылы қозғалтқыш блогін екінші қолыңызбен алыңыз

(1 сурет).

• Енді сізге дайын болған сорпаны, смузиді немесе нәрсуді кез келген ыдысқа құйып алуыңызға болады.

111

Page 109
Image 109
Tefal BL841140 manual Жұмысқа Дайындақ, Бағдарламаларды Іске Қосу, Кеңестер, Сурет