ТД-ға құрылғыларды жалғау
Өнімнің артқы жағында орналасқан ұяшықтарды пайдаланып, әр түрлі сыртқы құрылғыларды қосуға болады. Ұяшықтарды тексеріп, содан кейін қолдау көрсетілетін құрылғылар туралы толық ақпаратты, жинақпен бірге берілген құрастыру нұсқауларынан қараңыз.
COMMON INTERFACE ұяшығына (ТД қарау картасының ұяшығы) қосылу
-- CI картасын қосу немесе ағыту үшін ТД-ды сөндіріңіз.
-- Үлгі түріне қарай 2 CI картасының ұяшығына қолжетімді.
"CI немесе CI+ CARD" картасын қолдану
Ақылы арналарды көру үшін “CI немесе CI+ CARD” картасын салу керек.
-- Егер “CI немесе CI+ CARD” картасын салмасаңыз, кей арналарда “Scrambled Signal” жазуы пайда болады.
-- 2~3 минуттан кейін экранда телефон нөмірі, “CI немесе CI+ CARD” анықтағышы, хост анықтағышы және басқа деректерді қамтыған жұптастыру ақпараты көрсетіледі. Егер ақаулық туралы ақпарат пайда болса, қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
-- Арна деректерін теңшеу жұмысы аяқталған кезде, арна тізімінің жаңартылғанын білдіретін "Жаңарту аяқталды" хабары көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ
-- “CI немесе CI+ CARD” картасын жергілікті кабельдік теледидар провайдерінен алу керек.
-- “CI немесе CI+ CARD” картасын абайлап алыңыз, себебі “CI немесе CI+ CARD” жерге түсіп кетсе, оған нұқсан келуі мүмкін.
-- “CI немесе CI+ CARD” картасын онда көрсетілген бағытта орнатыңыз.
-- COMMON INTERFACE ұяшығының орналасатын жері үлгі түріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
-- Кей елдер мен аймақтарда “CI немесе CI+ CARD” модуліне қолдау көрсетілмеуі мүмкін, сондықтан уәкілетті дилерге хабарласып сұраңыз.
-- Мәселе туындаған жағдайда, қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
-- Ағымдық антенна параметрлеріне қолдау көрсететін “CI немесе CI+ CARD” картасын салыңыз. Экран бұрмалануы немесе көрсетілмеуі мүмкін.