Жұмысты бастау

ЕСКЕРТПЕ

▪▪ Кейбір сатылатын дискілер мен аймағыңыздан тыс сатып

алынған DVD дискілері бұл ойнатқышта ойнатылмауы мүмкін.

▪▪ Ойнату кейбір диск түрлеріне немесе көру бұрышы

мен кадр пішімінің өзгертілуі сияқты арнайы әрекеттер орындалғанда істемеуі мүмкін. Диск туралы толық ақпарат диск қорабында жазылған. Қажет болса, соны қараңыз.

▪▪ Дисктің кірленуіне немесе сызылуына жол бермеңіз.

Жазу бетіндегі саусақ іздері, кір, шаң, сызаттар немесе темекі күлі дискіні ойнатуға жарамсыз етуі мүмкін.

▪▪ BD-J тақырыбы ойнатылғанда, оның жүктелуі қалыпты

тақырыпқа қарағанда ұзағырақ уақыт алуы немесе кейбір функциялар баяу орындалуы мүмкін.

▪▪ Осы ойнатқыш бүкіл жұмыс пәрмендері бойынша

әрекет етпейді, себебі ойнату барысында кейбір Blu- ray, DVD және ықшам дискілері арнайы немесе шектеулі пайдалану мүмкіндігін ғана береді және белгілі мүмкіндіктерді ғана қамтамасыз етеді.

Бұл ойнатқыштың ақаулығы емес екенін ескеріңіз. ▪▪ Samsung компаниясы осы ойнатқыштың Blu-ray,

DVD немесе ықшам дискісінің логотипі бар әр дискіні ойнататынына кепілдік бере алмайды, себебі диск пішімдері жетіліп келеді және Blu-ray, DVD және ықшам дискісінің бағдарламалық құралын жасау және/немесе дискілерді өндіру барысында қиындықтар туындау мүмкін.

Сұрақтарыңыз болса немесе Blu-ray, DVD немесе ықшам дискілерін ойнатқышта ойнату барысында қиындықтар пайда болса, SAMSUNG компаниясының Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз. Сонымен қатар, ойнату шектеулері туралы қосымша ақпаратын осы нұсқаулықтың қалған бөлімдерінен табуға болады.

Blu-ray дискісінің үйлесімділігі

Blu-ray дискісі жаңа және дамып келе жатқан пішім болып табылады. Сондықтан, диск үйлесімділігіне қатысты мәселелер орын алуы мүмкін. Дискілердің барлығы үйлесімді бола бермейді және дискілердің барлығы ойнатылмауы мүмкін. Қосымша ақпарат үшін осы нұсқаулықтың «Сәйкестік пен үйлесімділік ескертуі» бөлімін қараңыз.

Диск түрлері

BD-ROM

Blu-ray ROM дискілерін тек ойнатуға болады. Бұл ойнатқыш алдын ала жазылған сатылатын BD-ROM дискілерін ойната алады.

BD-RE/-R

Blu-ray RE/-R дискілеріне жазуға және оларды ойнатуға болады.

Бұл ойнатқыш басқа үйлесімді Blu-ray дискілерінің рекордерлерімен жазылған BD- RE/-R дискілерін ойната алады.

DVD-VIDEO

Бұл ойнатқыш бейне фильмдері бар алдын ала жазылған сатылатын DVD дискілерін (DVD- VIDEO дискілері) ойната алады.

Екі қабатты DVD-VIDEO дискісінің бірінші қабатынан екіншісіне ауысқанда, бейне және дыбыс біраз дірілдеуі мүмкін. Бұл ойнатқыштың ақаулығына жатпайды.

DVD-RW/-R/+R

Бұл ойнатқыш DVD бейне рекордерінде жазылған және пішімделген DVD-RW/-R/+R дискілерін ойната алады. Ойнату мүмкіндігі жазылу жағдайларына байланысты болуы мүмкін.

DVD+RW

Бұл ойнатқыш DVD бейне рекордерінде жазылған DVD+RW дискілерін ойната алады. Ойнату мүмкіндігі жазылу жағдайларына байланысты болуы мүмкін.

Дыбыстық ықшам диск (CD-DA)

Бұл ойнатқыш CD-DA пішімінде жазылған CD- RW/-R дыбыс дискілерін ойната алады.

Бұл ойнатқыш жазылу жағдайларына байланысты кейбір CD-RW/-R дискілерін ойнатпауы мүмкін.

12 Қазақша