Параметрлерді орнату

ЕСКЕРТПЕ ▪▪ Ойнатқышқа жалғанған теледидар Бейне кадры

мүмкіндігін немесе таңдалған ажыратымдылықты қолдамаса, «Если после выбора кнопки ”Да" изображение не появится, подождите 15 секунд для возврата к предыдущему разрешению. Изменить разрешение?» хабары көрсетіледі.

Да таңдалса, теледидардың экраны 15 минут қара болып, ажыратымдылық автоматты түрде алдыңғы ажыратымдылыққа қайтарылады.

▪▪ Ажыратымдылықты өзгерткеннен кейін де экран қара болып тұра берсе, дискілердің барлығын шығарып, ойнатқыштың алдыңғы жағындағы ТОҚТАТУ ( ) түймесін 5 секундтан артық басып тұрыңыз. Барлық параметрлер зауыт параметрлеріне қайтарылады.

Әр режимге өту үшін, алдыңғы бетте көрсетілген қадамдарды орындап, теледидар қолдайтын Дисплей параметрлерін таңдаңыз.

▪▪ Зауыттың әдепкі параметрлері қалпына келтірілгенде, пайдаланушының сақталған бүкіл BD деректері жойылады.

▪▪ Ойнатқыш «Видеокадр (24Fs)» режимін пайдалану үшін, Blu-ray дискісінде 24 кадр функциясы болу керек.

▪▪ HDMI және Component ұяларының екеуі де жалғанып, ағымдағы уақытта компоненттік бейне шығысы көрсетіліп жатса, ажыратымдылық 576i/480i пішіміне орнатылады.

Формат цветов HDMI

Жалғанған құрылғының (теледидар, монитор, т.б.) мүмкіндіктеріне сәйкес келетін HDMI шығыс сигналы үшін түс кеңістігінің пішімін орнатуға мүмкіндік береді.

Авто: Ойнатқышты автоматты түрде құрылғыңыз қолдайтын оңтайлы пішімге орнатады.

YCbCr (4:4:4): Теледидар HDMI арқылы YCbCr түс кеңістігін қолдаса, қалыпты YCbCr түс палитрасын шығару үшін осы параметрді таңдаңыз.

RGB (стандартн.): қалыпты RGB түс палитрасын шығару үшін осыны таңдаңыз.

RGB (улучшенный): Ойнатқышты монитор сияқты DVI дисплей құрылғысына жалғаған болсаңыз, жетілдірілген RGB түс палитрасын шығару үшін осы параметрді таңдаңыз.

Видеокадр(24Fs)

«Видеокадр (24Fs)» мүмкіндігін Авто күйіне орнату ойнатқыштың HDMI шығысын бейненің сапасын жақсарту үшін 24 кадр/с жылдамдығына реттеуге мүмкіндік береді.

«Видеокадр (24Fs)» мүмкіндігін осы кадр жиілігін қолдайтын теледидарда ғана пайдалануға болады. Бейне кадры параметрін ойнатқыш HDMI 1080i немесе 1080p шығыс ажыратымдылығы режимінде болғанда ғана таңдауға болады.

Авто: Бейнекадр (24Fs) функциялары істеп тұр.

Выкл.: «Видеокадр (24Fs)» функциялары өшіп тұр.

32 Қазақша

Page 177
Image 177
Samsung BD-D5500K/RU manual Ескертпе Ойнатқышқа жалғанған теледидар Бейне кадры, 32 Қазақша