Қауіпсіздік ақпараты

Өнімге еш нәрсе тамшыламау немесе шашырамау керек және сұйықтықпен толтырылған құмыра сияқты ыдыстар үстіне қойылмауы тиіс.

Штепсельдік ұш ажырату құралы ретінде қолданылады және үнемі қол жететін жерде болуы тиіс.

Өнімнің сыртқы күтімі

Blu-ray дискісінің блогын тазаламас бұрын, ауыспалы ток сымын розеткадан ажыратыңыз.

Тазалау үшін бензол, сұйылтқыш немесе басқа еріткіштерді қолданбаңыз.

Өнімнің сыртқы бетін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.

Ойнату шектеулері

Осы ойнатқыш бүкіл жұмыс пәрмендері бойынша әрекет етпейді, себебі ойнату барысында кейбір Blu-ray, DVD және ықшам дискілері арнайы немесе шектеулі пайдалану мүмкіндігін ғана береді және белгілі мүмкіндіктерді ғана қамтамасыз етеді.

Бұл ойнатқыштың ақаулығы емес екенін ескеріңіз.

Samsung компаниясы осы ойнатқыштың Blu- ray, DVD немесе ықшам дискісінің логотипі бар әр дискіні ойнататынына кепілдік бере алмайды, себебі диск пішімдері жетіліп келеді және Blu-ray, DVD және ықшам дискісінің бағдарламалық құралын жасау және/немесе дискілерді өндіру барысында қиындықтар туындау мүмкін.

Сұрақтарыңыз болса немесе Blu-ray, DVD немесе ықшам дискілерін ойнатқышта ойнату барысында қиындықтар пайда болса, SAMSUNG компаниясының Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз. Сонымен қатар, ойнату шектеулері туралы қосымша ақпаратын осы нұсқаулықтың қалған бөлімдерінен табуға болады.

6 Қазақша

Page 151
Image 151
Samsung BD-D5500K/RU manual Өнімнің сыртқы күтімі, Ойнату шектеулері, Бұл ойнатқыштың ақаулығы емес екенін ескеріңіз