Диск түріне байланысты кейбір кадр пішімдерін қолдану мүмкін болмайды.
Теледидардың кадр пішімінен өзге болатын кез келген кадр пішімі мен параметр таңдалғанда бейне дірілдеп тұрған сияқты болып көрінуі мүмкін.
16:9 Оригинал режимі таңдалса, теледидарда 4:3 Pillarbox (бейненің екі жағында қара жолақтар болады) пішімі көрсетілуі мүмкін.

Параметрлерді орнату

Формат ТВ-экрана

Теледидардың түріне байланысты, экран өлшемі параметрлерін реттеу қажет болуы мүмкін.

• 16:9 Оригинал: ойнатқышты экраны 16:9 болатын теледидарға жалғағанда таңдаңыз. Ойнатқыш бүкіл мазмұнды түпнұсқалы кадр пішімінде көрсетеді.

4:3 болып пішімделген мазмұн сол және оң жағында қара жолақтармен көрсетілетін болады.

• 16:9 Полн.экр.: ойнатқышты экраны 16:9 болатын теледидарға жалғағанда таңдаңыз. Кескін экранды толық жауып тұрады. 4:3 болып пішімделген мазмұн бүкіл экранға созылады.

• 4:3 Внутри экрана: ойнатқышты экраны 4:3 болатын теледидарға жалғағанда таңдаңыз. Ойнатқыш бүкіл мазмұнды оның түпнұсқалы кадр пішімінде көрсетеді. 16:9 болып пішімделген мазмұн үстіңгі және астыңғы жағында қара жолақтармен көрсетілетін болады.

• 4:3 Во весь экран: ойнатқышты экраны 4:3 болатын теледидарға жалғағанда таңдаңыз. 16:9 мазмұнының сол және оң жағы кесіліп көрсетіледі.

ЕСКЕРТПЕ

▪▪

▪▪

▪▪

Размер экрана Smart Hub

Smart Hub экранын оңтайлы өлшемге орнатыңыз.

• Размер 1: Smart Hub экраны әдепкі өлшемінен кіші болады. Экранның екі жағында қара жолақтар көрсетілуі мүмкін.

• Размер 2: Smart Hub қызметінің әдепкі параметрі. Ойнатқыш Smart Hub экранын қалыпты өлшеммен көрсетеді.

• Размер 3: Smart Hub экранын үлкенірек өлшеммен көрсетеді. Бейне теледидар экраны үшін тым үлкен болуы мүмкін.

BD Wise (тек Samsung ойнатқыштарында)

BD Wise - Samsung компаниясының ең соңғы дерек алмасу мүмкіндігі.

Samsung ойнатқышы мен BD Wise мүмкіндігі бар Samsung теледидарын HDMI кабелі арқылы бір- біріне жалғап, BD Wise мүмкіндігі екеуінде де қосылып тұрғанда, ойнатқыш бейне сигналын BD/DVD дискілерінің бейне ажыратымдылығымен және кадр жиілігімен шығарады.

• Выкл.: Дискінің ажыратымдылығына қарамастан, шығыс сигналының ажыратымдылығы Разрешение мәзірінде бұрын орнатылған ажыратымдылықта қалады.

• Вкл.: Ойнатқыш бейнені BD/DVD дискілерінің түпнұсқалы ажыратымдылығымен және кадр жиілігімен көрсетеді.

ЕСКЕРТПЕ

▪▪ BD Wise мүмкіндігі қосылып тұрғанда, Разрешение параметрі автоматты түрде BD Wise мәніне орнатылып, Разрешение мәзірінде BD Wise тармағы пайда болады.

▪▪ Ойнатқыш BD Wise параметрін қолдамайтын құрылғыға жалғанған жағдайда, BD Wise функциясын қолдану мүмкін болмайды.

▪▪ BD Wise функциясы дұрыс істеуі үшін, ойнатқыш пен теледидардың BD Wise мәзірін Вкл. күйіне орнатыңыз.

Разрешение

Компоненттік және HDMI бейне сигналының шығыс ажыратылымдығын Авто, 1080p, 1080i, 720p, 576p/480p немесе 576i/480i режимдеріне орнатуға мүмкіндік береді. Сан әр кадрдағы бейненің жолақтар санын білдіреді. «i» және «p» әріптері тиісінше жолақ аралық және прогрессивті сканерлеуді білдіреді. Жолақтар неғұрлым көп болса, сапа соғұрлым жоғары болады.

• Авто: шығыс ажыратымдылығын жалғанған теледидардың ең жоғарғы ажыратымдылыққа автоматты түрде орнатады.

• BD Wise: Ойнатқыш HDMI арқылы BD Wise мүмкіндігі бар теледидарға жалғанған болса, ажыратымдылықты Blu-ray/DVD дискісінің ажыратымдылығына автоматты түрде орнатады. (BD Wise мәзірінің элементі BD Wise функциясы Вкл. күйіне орнатылғанда ғана көрсетіледі. Жоғарғы жақтағы «BD Wise» бөлімін қараңыз.)

• 1080p: Озық бейненің 1080 жолағын шығарады.

• 1080i: Жолақ аралық бейненің 1080 жолағын шығарады.

• 720p: прогрессивті бейненің 720 жолағын шығарады.

• 576p/480p: прогрессивті бейненің 576/480 жолағын шығарады.

• 576i/480i: Жолақ аралық бейненің 576/480 жолағын шығарады.

30 Қазақша

Page 175
Image 175
Samsung BD-D5500K/RU manual 720p прогрессивті бейненің 720 жолағын шығарады, 30 Қазақша