Изменeниe PIN

Қауіпсіздік функцияларына кіру үшін пайдаланылатын 4 санды құпия сөзді өзгертеді.

Құпия сөзді ұмытып қалған жағдайда

1.Дискіні шығарыңыз.

2.Алдыңғы панельдегі @ түймесін 5 секунд немесе одан артық басып тұрыңыз. Параметрлердің барлығы зауыттық параметрлерге қайтарылады.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

`` Зауыт параметрлері қалпына келтірілгенде, пайдаланушының сақталған бүкіл BD деректері жойылады.

Общее

Часовой пояс

Аймаққа сәйкес сағат белдеуін көрсетуге болады.

Поддержка

Обновление ПО

«Обновление ПО» мәзірі жұмысты жақсарту және қосымша қызметтер алу мақсатында ойнатқыштың бағдарламалық құралын жаңартуға мүмкіндік береді.

По сети

Интернет арқылы жаңарту үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:

1.Ойнатқыштың мәзірінде Настройки > Поддержка > Обновление ПО тармағына өтіңіз.

2.По сети параметрін таңдап v түймесін басыңыз. «Серверге байланысуда» хабары пайда болады.

3.Жаңарту бар болса, қалқымалы хабар пайда болады.

4.Да жауабын таңдасаңыз, жүктеу процесі басталады. (Жаңарту кезінде ойнатқышты ешқашан қоспаңыз.)

5.Жаңарту аяқталған кезде, ойнатқыш автоматты түрде қайта іске қосылады.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

`` Ойнатқыш өздігінен өшіп, қайта қосылғанда, жаңарту аяқталған болады.

`` Жаңарту барысында өнімді қолмен сөндіруге немесе қосуға болмайды.

`` Samsung Electronics корпорациясы бағдарламалық құралдың жаңартылуы барысындағы тұрақсыз Интернет байланысы немесе пайдаланушы немқұрайдылығы нәтижесінде орын алған ойнатқыштың ақаулары үшін жауап бермейді.

`` По сети ұясы арқылы бағдарламалық құралды жаңартқанда, бұйымға ешқандай диск енгізбеу керек.

Пo USB

USB арқылы жаңарту үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:

1.Samsung.com веб-торабына кіріңіз.

2.Компьютерге ең соңғы USB бағдарламалық құрал жаңартуының zip мұрағатын жүктеп алыңыз.

3.Қысылған файлды компьютерде шығарыңыз. Атауы қысылған файлмен бірдей жалғыз RUF файлы ғана болу керек.

4.RUF файлын USB флэш-жадына көшіріңіз.

5.Ойнатқышқа диск салынбағанын тексеріп, USB ұясына USB флэш-жадын салыңыз.

6.Ойнатқыштың мәзірінде Настройки > Поддержка > Обновление ПО тармағына өтіңіз.

7.По USB параметрін таңдаңыз.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

`USB хост ұясы арқылы бағдарламалық құралды

жаңартқанда, бұйымға ешқандай диск енгізбеу керек.`

`` Бағдарламалық құралды жаңарту үрдісі аяқталғанда, Жаңарту мәзірінен бағдарламалық құрал жайлы ақпаратты қарап алыңыз.

`` Бағдарламалық құрал жаңартылып жатқанда, ойнатқышты өшірмеңіз. Ойнатқыш бұзылып қалуы мүмкін.

`` USB басты ұясын пайдалану арқылы бағдарламалық құралдарды жаңарту тек USB жад құрылғысымен ғана орындалуы тиіс.

Oповещ. об автообновлении

Ойнатқышты желіге жалғап, Auto Upgrade Notification (Жаңарту туралы автоматты түрде хабарлау) параметрін қосатын болсаңыз, бағдарламалық құралдың жаңа нұсқасы бар болғанда ойнатқыш автоматты түрде хабарландыру береді. Auto Upgrade Notification (Жаңарту туралы автоматты түрде хабарлау) параметрін қосу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз :

1.Оповещ. об автообновлении тармағын таңдап, v түймесін басыңыз.

2.▲▼ түймелерінің көмегімен Вкл. тармағын таңдап v түймесін басыңыз.

Пайдалануға болатын бағдарламның жаңа нұсқалары болса, өнім қалқымалы мәлімдеме арқылы хабарлайды.

1.Аппараттық құралды жаңарту үшін, Қалқымалы мәзірінде Да күйін таңдаңыз. Өнім автоматты өшіп, қайта қосылады және жүктеуді бастайды.

(Осы уақытта өнімді қолмен өшіруге болмайды.)

2.Жаңарту жүрісі туралы қалқымалы хабары шығады.

3.Жаңарту аяқталған кезде, ойнатқыш автоматты түрде қайта іске қосылады.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

`Ойнатқыш өздігінен өшіп, қайта қосылғанда,

жаңарту аяқталған болады.`

`` Жаңарту барысында өнімді қолмен сөндіруге немесе қосуға болмайды.

`` Samsung Electronics корпорациясы бағдарламаны жаңарту барысындағы тұрақсыз интернет қосылысы немесе тұтынушы немқұрайлығы нәтижесінде болған өнім ақауларына жауап бермейді.

Обращение в Samsung

Өнімді пайдалану туралы көмек алу үшін хабарласу ақпаратын беру керек.

Услов.соглаш.об обслуживании

Үшінші тараптың мазмұндары мен қызметтеріне байланысты жалпы әлімдемені қараңыз.

Сброс

Желі параметрлерінен басқаларының бәрі әдепкі мәндеріне қайтарылады.

17

Page 71
Image 71
Samsung BD-H5900/RU manual Услов.соглаш.об обслуживании, Пo USB, Құпия сөзді ұмытып қалған жағдайда