Қосылымдар

Теледидарға жалғау

Өнімнің HDMI OUT ұясын HDMI кабелі (жинақпен бірге берілмейді) арқылы теледидардың HDMI IN ұясына жалғаңыз.

-- Барлық байланыстарды қосып болғанша қуат сымын розеткаға қоспаңыз.

-- Байланыстарды ауыстырған кезде, бастамай тұрып барлық құрылғыларды өшіріңіз.

Бейне

Дыбыс

ЕСКЕРТПЕЛЕР

`` Бейнелеу құрылғысын жалғау үшін HDMI-DVI кабелі қолданылса, дыбысты есту үшін дыбыс жүйесіне ойнатқыштағы Digital Audio Out ұясын да жалғау керек.

`` HDMI кабелі сандық бейне және дыбыс сигналын шығарады, сондықтан дыбыс кабелін жалғаудың қажеті жоқ. `` Теледидар түріне байланысты, кейбір HDMI шығыс ажыратымдылықтары жұмыс істемеуі мүмкін. Теледидардың

пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

`` Ойнатқышты теледидарға HDMI кабелі арқылы жалғап немесе жаңа теледидарға жалғап, алғаш рет қосқан кезде, ойнатқыш HDMI шығыс ажыратымдылығын теледидар қолдайтын ең жоғары деңгейге автоматты түрде орнатады.

`` HDMI кабелі ұзын болса, экранда кедергі пайда болуы мүмкін. Егер бұл орын алса, мәзірде HDMI терең түс мүмкіндігін Өшіру мәніне орнатыңыз.

`` Бейнелерді HDMI 720p, 1080i немесе 1080p шығыс режимінде қарау үшін жоғары жылдамдықты HDMI кабелін пайдалану қажет.

`` HDMI теледидарға тек таза сандық сигнал шығарады.

Теледидар HDCP (High-bandwidth Digital Content Protection) функциясын қолдамаса, экранда кездейсоқ шуыл пайда болады.

Дыбыс жүйесіне жалғау

Blu-ray ойнатқышын төменде көрсетілген әдістерді қолдану арқылы дыбыс жүйесіне жалғауға болады.

-- Барлық байланыстарды қосып болғанша қуат сымын розеткаға қоспаңыз.

-- Байланыстарды ауыстырған кезде, бастамай тұрып барлық құрылғыларды өшіріңіз.

1-әдіс HDMI пішімін қолдайтын AV ресиверге жалғау

Өнімнің HDMI OUT ұясын HDMI кабелі (жинақпен бірге берілмейді) арқылы ресивердің HDMI IN ұясына жалғаңыз.

Ең жоғары сапа (ұсынылады)

2-әдіс Dolby Digital немесе DTS декодері бар AV ресиверіне жалғау

Сандық коаксиалды кабельді (бірге берілмейді) қолдана отырып, өнімдегі Coaxial Digital Audio Out ұясын ресивердегі Digital Coaxial In ұясына жалғаңыз.

Жақсы сапа

Сандық шығыс параметрі PCM мәніне орнатылған кезде дыбыс тек алдыңғы екі динамик арқылы естіледі.

1-әдіс

2-әдіс

Бейне

Бейне

8

Page 62
Image 62
Samsung BD-H5900/RU Қосылымдар, Теледидарға жалғау, Дыбыс жүйесіне жалғау, Әдіс Hdmi пішімін қолдайтын AV ресиверге жалғау