Сәйкестік және үйлесімділік ескертуі

Дискілердің барлығы үйлесе бермейді.

Төменде сипатталған және осы нұсқаулықта ескерілген, оның ішінде осы нұсқаулықтың диск түрі мен қасиеттері бөлімінде аталған шектеулер бойынша ойнатылатын диск түрлері мынадай: алдын ала жазылған коммерциялық BD-ROM, DVD-VIDEO және Audio CD (CD-DA) дискілер; BD-RE/-R, DVD-RW/-R дискілері; CD-RW/-R дискілері.

Жоғарыда келтірілгендерден өзге дискілер осы өнімде ойнатылмайды және/немесе ойнатуға арналмаған. Жоғарыда келтірілген дискілердің кейбіреуі төменде берілген себептерге байланысты ойнатылмауы мүмкін.

Samsung компаниясы осы өнімнің BD-ROM, BD-RE/-R, DVD-VIDEO, DVD-RW/-R, DVD+RW/+R and CD-RW/-R белгілері бар барлық дискілерді ойнататына кепілдік бермейді, сондай-ақ осы өнім барлық басқару пәрмендеріне жауап бермеуі немесе әр дискідегі мүмкіндіктерді пайдаланбауы да мүмкін. Жаңа және қолданыстағы пішімде болатын дискілерін пайдаланғанда дискінің осы және өзге үйлесімдік мәселелері және өнімнің жұмыс атқару мәселелері туындауы мүмкін, себебі:

-- Blu-ray – жаңа және дамытылып келе жатқан пішім және осы өнім Blu-ray дискілерінің барлық мүмкіндіктерін пайдаланбауы мүмкін, себебі кейбір мүмкіндіктер қосымша болады, кейбір мүмкіндіктер Blu-ray дискісіне өнім жасалғаннан кейін қосылған болуы мүмкін, сондай-ақ кейбір мүмкіндіктер кейіннен қолжетімді болады.

-- осы өнім жаңа және қолданыстағы дискілердің пішім нұсқаларының барлығын қолдамайды;

-- жаңа және қолданыстағы диск пішімдері қайта өңделген, өзгертілген, жаңартылған, жетілдірілген және/немесе толықтырылған болуы мүмкін;

-- кейбір дискілер ойнату барысында арнайы немесе шектеулі әрекет яки мүмкіндікке жол беретін етіп шығарылады.

-- BD-ROM, BD-RE/-R, DVD-VIDEO, DVD-RW/-R, DVD+RW/+R және CD-RW/-R белгілері бар кейбір дискілер әлі де болса стандартқа кірмейтін дискілер болуы мүмкін;

-- кейбір дискілер физикалық күйіне немесе жазу жағдайларына байланысты ойнатылмауы мүмкін;

-- Blu-ray дискілері, DVD бағдарламалық құралдың және/немесе дискілердің жасалуы барысында ақаулықтар мен қателер туындауы мүмкін;

-- осы өнім стандартты DVD өнімімен немесе өзге AV жабдықпен салыстырғанда өзгеше жұмыс істейді.

-- осы нұсқаулық бойынша байқалған және SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығымен анықталып, жіберілген себептер үшін.

Егер диск үйлесімділігі немесе ойнатқыштың жұмыс істеуі бойынша туындаған мәселелерге тап болсаңыз, SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығына хабарласыңыз. Сондай-ақ, SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығына осы ойнатқыштың ықтимал жаңартулары үшін де хабарласуыңызға болады.

Ойнатуға қойылатын шектеулер мен диск үйлесімділігі жөнінде қосымша ақпарат үшін осы нұсқаулықтың Ескертулер, Пайдаланушы нұсқаулығын оқымас бұрын, Диск түрлері мен сипаттары, Ойнатпас бұрын бөлімдерін қараңыз.

Blu-ray дискісінің ойнатқыштары үшін прогрессивті сканерлеу шығысы : ТҰТЫНУШЫЛАР АЙҚЫНДЫҒЫ ЖОҒАРЫ ТЕЛЕДИДАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ОСЫ өніммен

ТОЛЫҚ ҮЙЛЕСПЕЙТІНІН ЖӘНЕ ОСЫҒАН ОРАЙ БЕЙНЕНІҢ БҰРМАЛАНУЫ МҮМКІН ЕКЕНІН ЕСКЕРУІ ҚАЖЕТ. ПРОГРЕССИВТІ СКАНЕРЛЕУ БАРЫСЫНДА БЕЙНЕДЕ АҚАУЛЫҚТАР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА, ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ БАЙЛАНЫСТЫ «СТАНДАРТТЫ АЙҚЫНДЫҚ» ШЫҒЫС СИГНАЛЫНА АУЫСТЫРҒАНЫ ЖӨН. ТЕЛЕДИДАР МЕН ОСЫ ӨНІМНІҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ САУАЛДАРЫҢЫЗ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА, БІЗДІҢ ТҰТЫНУШЫНЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.

Көшіруден қорғау

CSS (Мазмұнды шифрлеу жүйесі) DVD пішіміндегі дискілерге қолданылып жүргендей, AACS (Мазмұнды күрделі қолдану жүйесі) Blu-ray пішімдегі дискілердің мазмұнын қорғайтын болып мақұлданғандықтан, AACS қорғайтын мазмұнның ойнатылуы, аналогтық сигналдың шығысы, т.б. сияқты параметрлерге белгілі бір шектеулер қойылған.

Осы өнімнің жұмыс істеуі және оған қойылатын шектеулер сатып алу уақытына қарай әр түрлі болуы мүмкін, себебі AACS бұл шектеулерді өнім өндірілгеннен кейін бейімдеген және / немесе өзгерткен болуы мүмкін. Онымен қоса, Blu-ray пішіміндегі дискілер үшін BD-ROM Mark және BD+ мазмұнды қорғаудың қосымша жүйесі ретінде қолданылады, сондықтан BD-ROM Mark және / немесе BD+ қорғанысы орнатылған мазмұнына ойнату шектеулері сияқты белгілі бір шектеулер орнатылады. AACS, BD-ROM Mark, BD+ немесе осы өнім туралы қосымша ақпарат алу үшін, SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығына хабарласыңыз.

Blu-ray/DVD дискілерінің көбі көшіруден қорғалған. Осыған байланысты ойнатқышты бейнетаспа ойнатқышы арқылы емес, тікелей теледидарға қосу қажет. Бейнетаспа ойнатқышына жалғау көшіруден қорғалған Blu-ray/DVD дискілерінің дірілдеген бейне көрсетуіне әкеледі.

АҚШ және басқа елдердің авторлық құқығы туралы заңына сәйкес заңсыз жүргізілген жазу, қолдану, көрсету, тарату немесе теледидар бағдарламаларын, бейнетаспаларды, Blu-ray және DVD дискілерін көру азаматтық немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуға әкелуі мүмкін.

24