Іске пайдалану
05 Желі қосылымы (қол жетімді үлгілерде ғана)
Тоңазытқышыңызды Samsung Smart Home қолданбасы арқылы басқару және бақылау үшін опциялық Smart Home Dongle құралын (жеке сатылады) қолдануға болады. Samsung Smart Home туралы көбірек ақпаратты Samsung Smart Home бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ
•Ұсынылатын кодтау жүйелеріне WPA/TKIP және WPA2/AES жатады.
•Сымсыз желілерге қоршаған сымсыз байланыс ортасы әсер етуі мүмкін.
•Егер интернет провайдеріңіз ДК немесе модеміңіздің MAC мекенжайын анықтау үшін тіркеген болса, Samsung Smart Тоңазытқышыңыз интернетке қосыла алмауы мүмкін. Бұндай жағдайда интернет провайдеріңізге хабарласып, техникалық көмек алыңыз.
•Желіңіздің брандмауэр параметрлері Samsung Smart Тоңазытқышыңыздың интернетке қосылуына жол бермеуі мүмкін. Интернет провайдеріңізге хабарласып, техникалық көмек алыңыз. Бұл жағдай тоқтамаса, жергілікті Samsung қызмет көрсету немесе бөлшек сауда орталығына хабарласыңыз.
•Сымсыз кіру нүктесі (КН) параметрлерін теңшеу үшін кіру нүктесінің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
•Samsung Smart Home Dongle мүмкіндігі бар Samsung Smart тоңазытқыштары IEEE 802.11 b/g/n және
•Рұқсат етілмеген
Іске пайдалану