ҚАДАМ: 2 Wi-Fi қосылымы (қол жетімді үлгілерде ғана)
Жеке сатылатын Smart Home Dongle құралын пайдаланып, тоңазытқышты қашықтан басқаруға болады. Smart Home Dongle құралын сатып алу үшін www.samsung.com сайтына өтіп, құралға қатысты өнім ақпаратын қараңыз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
• Samsung Smart Home Dongle құралы екі түрде жеткізіледі: біреуі Samsung смарт ТД үшін және екіншісі Samsung тұрмыстық техникаларына арналған.
• Сіз тұрмыстық техникаларға арналған Samsung
Smart Home Dongle құралын сатып алуыңыз керек. Басқа құралдарды сатып алсаңыз, жүйеге зақым келтіруі мүмкін.
1. Тоңазытқыштың есігін ашып, негізгі құрылғының төбесіндегі 3 бұранданың қақпақтарын алу үшін жалпақ ұшты бұранда бұрағышты пайдаланыңыз.
2. Бұрандаларды (x3) босатыңыз да, алыңыз.
3. Ағытып алу үшін төбенің қақпағын баппен тартыңыз. Қорғағыш құрал порты ашылады.
Казақ 35
Орнату