4.Температураны ең суық температураға қойып, шамамен бір сағат күтіңіз. Содан кейін, мұздатқыш шамалы салқындайды да, қозғалтқыш қалыпты жұмыс істейді.

5.Тоңазытқыш орнатылған температураға жеткенше күтіңіз. Енді тоңазытқыш пайдалануға дайын.

ЕСКЕРТПЕ

Тоңазытқыш ток көзіне қосылғанда, сигнал естіледі. Сигналды сөндіру үшін Freezer (Мұздатқыш) немесе Fridge (Тоңазытқыш) түймесін басыңыз.

ҚАДАМ: 6 Температура сигналы (қолжетімді үлгілерде ғана)

1-түрі

Мұздатқыш бөлік өте жылы болса, температура дисплейінде '- -' жыпылықтайды. Ток сөніп қалғаннан кейін мұздатқыш жылып кетсе, осындай жағдай орын алуы мүмкін.

Мұндай жағдайда Freezer (Мұздатқыш) немесе Fridge (Тоңазытқыш) түймесін басыңыз. Жылы температура 5 секунд көрсетіледі. Содан кейін нақты температура көрсетіледі. Сигналды сөндіру үшін Door Alarm (Есіктің сигналы) түймесін басыңыз.

2-түрі

Мұздатқыш бөлік өте жылы болса, тоңазытқыштың температура индикаторы жыпылықтап, сигнал естіледі. Ток сөніп қалғаннан кейін мұздатқыш жылып кетсе, осындай жағдай орын алуы мүмкін.

Сигналды сөндіру үшін Freezer (Мұздатқыш) не Fridge (Тоңазытқыш) түймесін басыңыз.

ҚАДАМ: 7 Соңғы тексеру

Орнатып болғаннан кейін келесіні тексеріңіз:

Тоңазытқыштың электр көзіне қосылғанын және жерге дұрыс тұйықталғанын.

Тоңазытқыштың қабырғадан немесе шкафтан жеткілікті қашықтықта, тегіс, орнықты жерге қойылғанын.

Тоңазытқыш орнықты және еденге орнықты қойылған.

Есіктің еркін ашылып-жабылатынын және есік ашылғанда ішкі жарық шамының автоматты түрде жанатынын.

Казақ  39

Орнату

Untitled-25 39

2017-11-23 ￿￿ 4:09:59

Page 99
Image 99
Samsung BRB260030WW/WT, BRB260087WW/WT ҚАДАМ 6 Температура сигналы қолжетімді үлгілерде ғана, ҚАДАМ 7 Соңғы тексеру, Түрі