
ҚАДАМ: 3 Еден
• Тоңазытқыш орнатылатын бет толық толтырылған тоңазытқышты көтере алуы керек.
• Еденді қорғау үшін тоңазытқыштың әр тірегінің астына үлкен картонның бөлігін төсеу керек.
• Тоңазытқышты тұрақты тұратын жеріне орнатқаннан кейін, еденді қорғау үшін, егер қажет болмаса орнынан қозғамаңыз. Жылжыту керек болса, жылжытатын жолға қалың қағаз немесе ескі кілем тәрізді нәрсе төсеңіз.
ҚАДАМ: 4 Деңгейлеу тіректерін реттеңіз
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
•Тоңазытқышты тегіс, қатты еденге қойып деңгейін реттеу керек. Бұлай істемегенде тоңазытқышқа зақым келуі немесе адам жарақат алуы мүмкін.
•Тоңазытқыштың деңгейін тоңазытқыш бос тұрған кезде реттеу керек. Тоңазытқыштың ішінде ешбір тағам жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Тоңазытқыштың деңгейін реттеу үшін, деңгейді реттеуге арналған арнайы бұрандасы (деңгейлегіші) бар алдыңғы тіректерін қолдануға болады. Деңгейді реттеу үшін жалпақ басты бұранда бұрағышты пайдаланыңыз.
Сол жақтың биіктігін реттеу үшін:
Жалпақ ұшты бұранда бұрағышты алдыңғы сол жақ тіректің деңгейлегішіне салыңыз. Биіктету үшін деңгейлегішті сағат тілінің бағытымен, төмендету үшін сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
Казақ 37
Орнату