Samsung BRB260030WW/WT, BRB260087WW/WT manual Тоңазытқышты қауіпсіз түрде жерге қосу керек

Models: BRB260030WW/WT BRB260087WW/WT

1 180
Download 180 pages 31.64 Kb
Page 69
Image 69

Бұл құрылғыны ылғалды, майлы немесе шаңды жерге, күн сәулесі тура түсетін немесе сулы (жаңбыр тамшылары) жерге орнатпаңыз.

-Электр бөлшектерінің қаптамасына нұқсан келсе, электр қатері пайда болуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Тоңазытқышқа шаң немесе су кірсе, ашасын суырып алып, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

-Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.

Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе зат қоймаңыз (мысалы, кір, жанып тұрған шамдар, тұтатылған шылым, ыдыстар, химикаттар, металл заттар т.с.с.).

-Себебі электр қатері, өрт немесе құрылғыға байланысты ақау немесе жарақат алу қаупі пайда болуы мүмкін.

Құрылғыны алғаш электр көзіне қосар алдында, барлық қорғауыш пластик таспаларын алу керек.

Есікті реттеуге арналған серіппелі шығырықпен немесе су түтігінің қапсырмасымен балалар ойнамау үшін, оларды байқау керек.

-Бала есікті реттеуге арналған серіппелі шығырықты немесе су түтігінің қапсырмасын жұтып қойса, тұншығып, мерт болатын қауіп бар. Есікті реттеуге арналған серіппелі шығырықтарды немесе су түтігінің қапсырмаларын баланың бойы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Тоңазытқышты қауіпсіз түрде жерге қосу керек.

-Құрылғының кез келген бөлігін тексеруге немесе жөндеуге кіріспес бұрын, тоңазытқыштың қауіпсіз түрде жерге тұйықталғанына көз жеткізіңіз. Жылыстап шығатын электр қуаты, электр тогына қатты соғылуға әкеледі.

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Казақ  9

Untitled-25 9

2017-11-23 ￿￿ 4:09:55

Page 69
Image 69
Samsung BRB260030WW/WT, BRB260087WW/WT manual Тоңазытқышты қауіпсіз түрде жерге қосу керек