Жібіту кезінде температураның көтерілуі ISO талаптарына сай келеді. Құрылғыны жібіту барысында тоңазытқыш ішіндегі мұздатылған тағам температурасының жоғарылап кетуін қаламасаңыз, мұздатылған тағамды бірнеше қабат газетке ораңыз.

Мұздатылған тағамды әбден жібітіп болғаннан кейін қайта мұздатпаңыз.

Қуатты үнемдеу туралы кеңес

Құрылғыны салқын, құрғақ, жеткілікті түрде желдетілетін жерге орнатыңыз. Құрылғыны күн сәулесі тура түсетін және қызу көздерінен (мысалы, батарея) жылу тура келетін жерге қоймаңыз.

Қуатты пайдалану тиімділігін сақтау үшін саңылаулар мен торларды бітемеуді ұсынамыз.

Жылы тағамды тоңазытқыш ішіне қояр алдында салқындатыңыз.

Мұздатылған тағамды тоңазытқышқа қойып жібітіңіз. Содан кейін мұздатылған тағамдардың төмен температурасын, тоңазытқыштағы тағамды салқындату үшін қолдануға болады.

Тағам салғанда немесе алған кезде, тоңазытқыштың есігін өте ұзақ ашпаңыз. Есікті неғұрлым аз ашсаңыз, мұздатқышқа барынша аз мұз қатады.

Тоңазытқышты орнатқан кезде артқы жағы мен бүйір жақтарынан орын қалдыруды ұсынамыз. Бұл қуатты аз пайдаланып, электр қуаты төлемдерін азайтуға көмектеседі.

Қуатты барынша тиімді пайдалану үшін себеттер, тартпалар, сөрелер тәрізді ішкі керек-жарақтардың барлығын өндіруші көрсеткен жерлерге қойыңыз.

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Казақ  23

Untitled-25 23

2017-11-23 ￿￿ 4:09:56

Page 83
Image 83
Samsung BRB260030WW/WT, BRB260087WW/WT manual Қуатты үнемдеу туралы кеңес