Bluetooth арқылы жалғау

Құрылғыларды қайта қосу немесе ажырату

Құрылғыларды қайта қосу

Егер Bluetooth қосылымы құрылғылардың арасындағы қашықтық себебінен үзілсе, құрылғыларды біраз уақыт бойы бір-біріне жақындатыңыз. Құрылғылар автоматты түрде қайта қосылады.

Bluetooth қосылымы, қосылған мобильді құрылғының себебінен үзілсе, қайта жұптасу үшін мобильді құрылғыда Bluetooth мәзіріне қолжетімділік алыңыз.

Құрылғыларды ажырату

Ақаулық/cөйлесу түймесін шамамен үш секунд бойы басып тұрыңыз. Содан кейін қосылым аяқталады және құлақаспап Bluetooth жұптау режиміне кіреді.

Сондай-ақ, қосылымды құлақаспапты өшіру арқылы аяқтауға болады. Құлақаспапты қайта қосқанда және құрылғылар ауқымда болғанда құлақаспап жақында жұптастырылған құрылғыға автоматты түрде қосылады.

Bluetooth қосылымы дұрыс ажыратылмаған болса, шу естілуі мүмкін.

Қазақ тілі

14

14