Радио тыңдау

Қашықтан басқару құралындағы түймелерді пайдалану

1 . FM тармағын таңдау үшін, FUNCTION түймесін басыңыз.

2 . Қажетті станцияға реттеңіз.

1-реттеуді алдын ала орнату : PRESET параметрін таңдау үшін, 5 түймесін басыңыз, одан кейін алдын ала орнатылған станцияны таңдау үшін TUNING/CH (,.) түймесін басыңыз.

-Алдын ала орнатылған станцияларды реттеместен бұрын, алдын ала орнатылған станцияларды алдымен өнім жадына қосуыңыз керек.

Қолмен реттеу : MANUAL параметрін таңдау үшін, 5 түймесін, одан кейін төменгі немесе жоғарғы жиілікте реттеу үшін 5 TUNING/CH (,.) түймесін басыңыз.

Автоматты түрде реттеу : MANUAL параметрін таңдау үшін, 5 түймесін басыңыз, одан кейін жиілікті автоматты түрде іздеу үшін, TUNING/CH (,.) түймесін басыңыз.

Моно/стерео параметрін орнату

MO/ST түймесін басыңыз.

Түйме басылған сайын, дыбыс СТЕРЕО және МОНО арасында ауысады.

Нашар қабылдау аймағында анық, кедергісіз тарату үшін МОНО параметрін таңдаңыз.

Станцияларды алдын ала орнату

Мысалы: FM 89.10 станциясын жадқа алдын ала орнату.

1 . FM тармағын таңдау үшін, FUNCTION түймесін басыңыз.

2 . <89.10> тармағын таңдау үшін, TUNING/ CH (,.) түймесін басыңыз.

3 . TUNER MEMORY түймесін басыңыз.

• НӨМІР дисплейде жыпылықтайды.

4 . TUNER MEMORY түймесін қайтадан басыңыз.

НӨМІР параметрі дисплейден өз бетінше жоғалмастан бұрын, TUNER MEMORY түймесін басыңыз.

TUNER MEMORY түймесі басылғаннан кейін, НӨМІР сөзі дисплейден жоғалады және станция жадта сақталады.

5 . Басқа станцияны алдын ала орнату үшін,

2-4-ші қадамдарды орындаңыз.

Алдын ала орнатылған станцияға реттеу үшін, TUNING/CH (,.) түймесін басыңыз.

Арнайы әсерлер қашықтан

басқару түймелерін пайдалану

3D дыбыс

Деңгей параметрлерін пайдаланып дыбыстың тереңдігін реттеу арқылы байытылған үнді табиғи және жанды қоршаған дыбысты тыңдай аласыз.

Өшіру Жоғ-ы Орта Төм.

ЕСКЕРТПЕ

Ол FM режимінде қол жетімді.

2D бейнені 3D режимінде ойнату

Әдеттегі 2D бейнені 3D режимінде қарай аласыз.

ЕСКЕРТПЕ

Егер 3D режимінде Басты немесе Smart Hub басты мәзіріне өтсеңіз, ол 2D режиміне автоматты түрде ауысады.

vTuner

vTuner

vTuner — радионы тыңдау функциясы. vTuner түймесін бассаңыз, vTuner қолданбасына өте аласыз.

vTuner функциясын Samsung Apps ішінен vTuner қолданбасын жүктегеннен кейін пайдалана аласыз.

Қазақша 51

05 Мультимедианы Ойнату

HT-E6750W_RU_KAZ_0227.indd 51

2012-02-27 오전 11:28:44

Page 117
Image 117
Samsung HT-E6750W/RU manual Радио тыңдау, Моно/стерео параметрін орнату, Станцияларды алдын ала орнату