Жұмысты Бастау

Бейне декодері

-H.264 Level 4.1 пішіміне дейін қолдайды.

-H.264 FMO/ASO/RS, VC1 SP/MP/AP L4 және AVCHD пішімдерін қолдамайды.

-MPEG4 SP, ASP :

1280 x 720 пикселден төмен: ең көбі 60 кадр

1280 x 720 пикселден жоғары: ең көбі 30 кадр

-GMC 2 немесе одан кейінгі пішімдерді қолдамайды.

Дыбыс декодері

-WMA 7, 8, 9 және STD пішімдерін қолдайды.

-Арналардың саны 2-ден көп болса немесе файлдар дыбыс сапасын жоғалтпастан кодсыздандыруды талап етсе, көп арналы WMA 9 PRO файлдарын қолдамайды.

-Дискретизация жиілігі 22050 Гц моно WMA пішімін қолдамайды

Қолдау көрсетілетін DivX субтитр файлдарының пішімдері

*.ttxt, *.smi, *.srt, *.sub, *.txt

USB қосылымына қатысты ескертпелер

Өнім USB сақтау құралын, MP3 ойнатқыштарын, сандық камераларды және USB картасын оқу құрылғыларын қолдайды.

Өнім 128 таңбадан ұзын болатын қалта немесе файл атауларын қолдайды.

Кейбір USB/сандық бейнекамера құрылғылары өніммен үйлесімді болмауы мүмкін.

Өнім FAT 16, FAT 32 және NTFS файл жүйелерін қолдайды.

USB құрылғыларын өнімнің USB портына тікелей жалғаңыз. USB кабелі арқылы жалғау үйлесімділік мәселелерін туғызуы мүмкін.

Бірнеше ұялы карта оқу құрылғысына бірнеше жад құрылғысы жалғанса, карта оқу құрылғысы дұрыс істемеуі мүмкін.

Өнім PTP протоколын қолдамайды.

«Жүктеу» процесі кезінде USB құрылғысын ажыратпаңыз.

Бейне ажыратымдылығы неғұрлым үлкен болса, оның көрсетілуіне соғұрлым ұзақ уақыт кетеді.

Бұл өнім коммерциялық тораптардан жүктеп алынған DRM (сандық құқықтарды басқару) құқықтары бар MP3 файлдарын ойната алмайды.

Өнім 30 кадр/с (кадр жиілігі) жылдамдығынан аспайтын бейнелерді ғана қолдайды.

10 Қазақша

Өнім флеш-құрылғылар мен USB HDD құрылғылары сияқты USB ақпарат сақтау класындағы (MSC) құрылғыларды ғана қолдайды. (Хабқа қолдау көрсетілмейді.)

Кейбір USB HDD құрылғылары, бірнеше карта оқу құрылғылары және флеш-құрылғылар осы өніммен үйлесімді болмауы мүмкін.

Кейбір USB құрылғылар шамадан тыс қуат қажет етсе, олар тізбекті қорғау құралы тарапынан шектелуі мүмкін.

USB HDD құрылғысынан ойнату тұрақсыз болса, HDD құрылғысын розеткаға қосу арқылы қосымша қуатты қамтамасыз етіңіз. Егер проблема жалғасса, USB HDD өндірушісіне хабарласыңыз.

USB жад құрылғысы бұзылмауы үшін, USB сақтау құрылғысын қауіпсіз ажырату керек («USB құр-н қауіпсіз шығару» әрекетін орындау арқылы).

Басты мәзірге өту үшін, HOME түймесін, САРЫ (C) түймені, одан кейін E түймесін басыңыз.

SAMSUNG компаниясы кез келген деректер файлының зақымдалуына немесе деректердің жоғалуына жауапты емес.

AVCHD

(Күрделі бейне кодек – жоғары айқындық)

Бұл өнім AVCHD пішімді дискілерді ойната алады. Бұл дискілер әдетте бейнекамераларда жазылады және қолданылады.

AVCHD пішімі – ажыратымдылығы жоғары сандық бейнекамера пішімі.

MPEG-4 AVC/H.264 пішімі әдеттегі сурет қысу пішіміне қарағанда суреттерді жақсырақ қысады.

Кейбір AVCHD дискілері «x.v.Colour» пішімін пайдаланады. Бұл өнім «x.v.Colour» пішімін пайдаланатын AVCHD дискілерін ойната алады.

«x.v.Colour» – Sony корпорациясының сауда белгісі.

«AVCHD» және AVCHD логотипі – Matsushita Electronic Industrial Co., Ltd. және Sony корпорациясының сауда белгілері.

ЕСКЕРТПЕ

Жазылу жағдайларына байланысты кейбір AVCHD пішіміндегі дискілер ойнатылмауы мүмкін.

AVCHD пішіміндегі дискілер пішімделуді қажет етеді. «x.v.Colour» қалыпты DVD бейнекамерасы дискілеріне қарағанда кеңірек түс ауқымын ұсынады.

Бейне ажыратымдылығы мен кадр жиілігі жағдайына байланысты кейбір DivX, MKV және MP4 пішіміндегі дискілер ойнатылмауы мүмкін.

HT-E6750W_RU_KAZ_0227.indd 10

2012-02-27 오전 11:27:10

Page 76
Image 76
Samsung HT-E6750W/RU manual USB қосылымына қатысты ескертпелер, Күрделі бейне кодек жоғары айқындық