Қауіпсіздік Ақпараты

Жүріп бара жатқанда немесе қозғалыс кезінде 3D функциясын немесе 3D көзілдірігін пайдаланбаңыз. 3D функциясын немесе 3D көзілдірігін қозғалыс барысында пайдаланса, бірдемеге соғуға, сүрінуге және құлап қалып, ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.

3D бейнесін тамашалау үшін, 3D құрылғысын

(3D бейнесімен үйлесімді AV-ресивер немесе теледидар) жоғары жылдамдықты HDMI кабелінің көмегімен өнімнің HDMI OUT портына жалғаңыз. 3D бейнесін ойнатпас бұрын, 3D көзілдірігін тағып алыңыз.

Өнім 3D сигналдарын тек HDMI OUT портына жалғанған HDMI кабелі арқылы шығарады.

3D ойнату режимінде бейненің ажыратымдылығы бастапқы 3D пішімді бейненің ажыратымдылығына сәйкес орнатылатындықтан, ажыратымдылықты қалау бойынша өзгерту мүмкін емес.

3D ойнату режимінде BD Wise, экран өлшемін реттеу және ажыратымдылықты реттеу сияқты кейбір функциялар дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

3D сигналы дұрыс шығу үшін, жоғары жылдамдықты HDMI кабелін пайдалану керек.

3D бейнелерін тамашалағанда, экраннан кемінде оның енінен үш есе үлкен қашықтықта отырыңыз. Мысалы, экранның диагональдық өлшемі 46 дюйм болса, экраннан 138 дюйм (3,5 метр) алшақ отырыңыз.

-3D кескіні жақсы көріну үшін, 3D бейне экраны көзбен бір деңгейде болу керек.

Егер өнім қандай да бір 3D құрылғыларына қосылған болса, 3D әсері дұрыс қызмет атқармауы мүмкін.

Бұл өнім 2D мазмұнды 3D пішіміне түрлендірмейді.

«Blu-ray 3D» және «Blu-ray 3D» логотипі — Blu- ray Disc Association компаниялар тобының сауда белгілері.

Авторлық құқық

©2012 Samsung Electronics Co.,Ltd. Барлық құқықтары қорғалған. Samsung Electronics Co.,Ltd компаниясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз осы пайдаланушы нұсқаулығын ішінара немесе толық қайта басуға немесе көшіруге тыйым салынады.

4 Қазақша

Лицензия

«Dolby» және қос D таңбасы Dolby Laboratories компаниясының сауда белгілері болып табылады.

5,956,674; 5,974,380; 6,226,616; 6,487,535; 7,392,195; 7,272,567; 7,333,929; 7,212,872 нөмірлі АҚШ патенттері бойынша және, сондай- ақ АҚШ пен басқа елдерде шығарылған және әлі қарастырылып жатқан патенттер. DTS- HD, Таңба, сондай-ақ DTSHD мен Таңба бірге тіркелген сауда белгілер, ал DTS-HD Master Audio Essential DTS, Inc компаниясының сауда белгісі болып табылады. Өнімде бағдарламалық құрал бар. © DTS, Inc. Барлық құқықтары қорғалған.

DIVX БЕЙНЕ ПІШІМІ ТУРАЛЫ: DivX® — Rovi корпорациясының бөлімі болып табылатын DivX, LLC компаниясы тарапынан жасалған сандық бейне пішімі. Бұл — DivX бейнесін ойнататын ресми DivX Certified® құрылғысы. Қосымша ақпарат және файлдарды DivX бейнелеріне түрлендіретін бағдарламалық құралдарды алу үшін, www.divx.com веб-торабына кіріңіз.

СҰРАУ БОЙЫНША БЕЙНЕ DIVX ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ: Сатып алынған сұрау бойынша бейне (VOD) DivХ фильмдерін ойнату үшін, бұл DivX Certified® құрылғысын тіркеу керек. Тіркеу кодын алу үшін, құрылғының параметрлерін орнату мәзірінен DivX VOD бөлімін табыңыз. Тіркеуді аяқтау жолы туралы қосымша ақпаратты vod.divx.com веб-торабынан қараңыз.

DivX Certified® құрылғысы DivX® бейнелерін, соның ішінде ақылы мазмұнды HD 1080p пішімінде ойнатуға арналған.

DivX®, DivX Certified® және осыған қатысты логотиптер Rovi корпорациясының немесе оның бөлімдерінің сауда белгілері болып табылады және лицензия бойынша пайдаланылады.

Мына АҚШ патенттерінің біреуімен немесе бірнешеуімен қорғалған: 7,295,673; 7,460,668; 7,515,710; 7,519,274

HT-E6750W_RU_KAZ_0227.indd 4

2012-02-27 오전 11:27:05

Page 70
Image 70
Samsung HT-E6750W/RU manual Авторлық құқық, 3D бейнесін тамашалау үшін, 3D құрылғысын