Сымсыз (Жалпы) - Автоматты

31-беттегі «Желі қосылымын реттеу» бөлімінің

1-3-қадамдарын орындағаннан кейін.

1 . Желі параметрлері экранында Бастау тармағын таңдап, E түймесін басыңыз. Өнім бар желілерді іздеп, оларды тізім түрінде көрсетеді.

Желі параметрлері

Келесі тізімнен сымсыз маршрутизаторды таңдаңыз.

1/10

iptime23

Жаңарту

ELT

WPS(PBC)

JSY

Алдыңғы

KT_WLAN_C361

Бұдан әрі

Mirhenge_edu

Болдырмау

SO070VOIP

2 . Қажетті желіні таңдап, E түймесін басыңыз.

3 . Бұдан әрі тармағын таңдап, E түймесін қайтадан басыңыз.

4 . Қауіпсіздік экранында желінің қауіпсіздік кодын немесе құпия сөз тіркесін енгізіңіз. Қашықтан басқару құралындағы сан түймешіктерінің көмегімен сандарды тікелей енгізіңіз. Көрсеткі түймесімен әріпті таңдап, одан кейін E түймесін басу арқылы әріптерді енгізіңіз.

5 . Аяқтағаннан кейін экранның оң жағынан Бұдан әрі тармағын таңдаңыз. Өнім желі қосылымын тексеріп, одан кейін желіге қосылады.

ЕСКЕРТПЕ

Қауіпсіздік кодын немесе құпия сөз тіркесін маршрутизаторды немесе модемді орнатуға пайдаланған орнату экрандарының бірінен табуға болады.

Сымсыз (жалпы) - Қолмен

Сізде статикалық IP мекенжайы болса немесе Автоматты процедура жұмыс істемесе, Желі параметрлері мәндерін қолмен орнату қажет болады.

31-беттегі «Желі қосылымын реттеу» бөлімінің

1-3-қадамдарын орындағаннан кейін.

1 . Желі параметрлері экранында Бастау тармағын таңдап, E түймесін басыңыз. Өнім бар желілерді іздеп, оларды тізім түрінде көрсетеді.

2 . Қажетті желіні немесе Желіні қосу тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

3 . Бұдан әрі тармағын таңдап, E түймесін қайтадан басыңыз.

4 . Желіні қосу тармағын таңдасаңыз, қосылу үшін сымсыз желі маршрутизаторының атауын енгізіңіз. Қашықтан басқару құралындағы сан түймешіктерінің көмегімен сандарды тікелей енгізіңіз. Әріпті ▲▼◄► түймешіктерінің көмегімен таңдау арқылы енгізіп, содан кейін E түймешігін басыңыз. Бұдан әрі тармағын таңдап, E түймесін қайтадан басыңыз. Қауіпсіздік түрін таңдауға, одан кейін Бұдан әрі тармағын таңдап, E түймесін қайтадан басуға болады.

5 . Қауіпсіздік экранында желінің қауіпсіздік кодын немесе құпия сөз тіркесін енгізіңіз. Қашықтан басқару құралындағы сан түймешіктерінің көмегімен сандарды тікелей енгізіңіз. Әріпті ▲▼◄► түймешіктерінің көмегімен таңдау арқылы енгізіп, содан кейін E түймешігін басыңыз.

6 . Аяқтағаннан кейін экранның оң жағындағы Бұдан әрі тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

7 . Желі күйі экраны пайда болады. Өнім желі қосылымын тексеруге әрекет етеді және тексере алмайды.

8 . Экранның оң жағындағы IP прм-лері тармағын таңдап, E түймесін басыңыз. IP параметрлері экраны пайда болады.

9 . IP режімі өрісін таңдап, оны Қолмен мәніне орнатыңыз.

10 . Қашықтан басқару құралындағы санды түймелерді пайдаланып, Желілік мәндерді енгізіңіз. Бір жазба жолағынан екіншісіне жылжу үшін қашықтан басқару құралындағы ▲▼◄► түймелерін пайдаланыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Бұл мәндерді Интернет провайдерінен алуға болады. Сондай- ақ, бұл мәндерді Windows компьютерлерінің көбінде қарап алуға болады. Нұсқауларды 32-беттегі «Желілік параметр мәндерін алу.» бөлімінен қараңыз.

11 . Аяқтағаннан кейін ОК тармағын бөлектеп, E түймесін басыңыз. Желі күйі экраны пайда болады. Өнім желі қосылымын тексеріп, одан кейін желіге қосылады. Аяқтағаннан кейін ОК тармағын бөлектеп, E түймесін басыңыз.

Қазақша 33

04 Параметрлер

HT-E6750W_RU_KAZ_0227.indd 33

2012-02-27 오전 11:28:00

Page 99
Image 99
Samsung HT-E6750W/RU Сымсыз Жалпы Автоматты, Қадамдарын орындағаннан кейін, 31-беттегі «Желі қосылымын реттеу» бөлімінің