4 . Қосылу қалқымалы терезесі, содан кейін Қосылды қалқымалы терезесі пайда болады. Ол жабылғанда, Wi-Fi Direct экранындағы тізімде құрылғыны қосылған ретінде көресіз.

ЕСКЕРТПЕ

Wi-Fi Direct функциясын пайдаланғанда сымды немесе сымсыз желі қосылымы ажыратылады.

Soft AP

Soft AP мүмкіндігі желідегі басқа Wi-Fi құрылғыларына өнім арқылы қосылуға және оларға интернетке қосылуға мүмкіндік береді. Ол желіге қосқан кезде басқа Wi-Fi құрылғыларына енгізу керек қауіпсіздік кілтін жасауды қажет етеді.

1 . Басты экранда Параметрлер тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

2 . Желі тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

3 . Soft AP тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

4 . Қосу немесе Сөндіру тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

AllShare параметрлері

AllShare параметрлері экранында желіге қосылған AllShare құрылғылары және олардың IP мекенжайлары тізіледі. Осы экран арқылы құрылғыға өнімге қол жеткізуге рұқсат етуге, қол жеткізуге тыйым салуға немесе құрылғыны AllShare тізімінен жоюға болады.

1 . Басты экранда Параметрлер, тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

2 . Желі тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

3 . AllShare параметрлері тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

4 . Құрылғыны таңдап, E түймесін басыңыз. AllShare параметрлері қалқымалы терезесі пайда болады.

5 . Рұқсат ету, Бас т-у немесе Жою тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

AllShare параметрлерінің экраны AllShare құрылғыларымен орнатылған желілік қосылымдар бар болса ғана көрсетіледі. AllShare желілік құрылғылары туралы қосымша ақпаратты 38~39-беттен қараңыз.

04 Параметрлер

< Soft AP қауіпсіздік кілтін орнату >

1 . Soft AP экранында Қауіпсізд. кілті тармағын таңдап, E түймесін басыңыз. Қауіпсіздік кілті экраны пайда болады.

2 . Қауіпсіздік кілті экранында қауіпсіздік кілтін енгізіңіз. Қашықтан басқару құралындағы сан түймешіктерінің көмегімен сандарды тікелей енгізіңіз. Әріпті ▲▼◄► түймешіктерінің көмегімен таңдау арқылы енгізіп, содан кейін E түймешігін басыңыз.

3 . Аяқтаған кезде, экранның төменгі жағындағы ДАЙЫН тармағына өту үшін ▲▼◄► түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін E түймесін басыңыз.

Wi-Fi құрылғысын құрылғыдағы қосылу процедурасы арқылы қоссаңыз, тиісті өріске осында жасалған қауіпсіздік кілтін енгізу керек.

Қазақша 35

HT-E6750W_RU_KAZ_0227.indd 35

2012-02-27 오전 11:28:07

Page 101
Image 101
Samsung HT-E6750W/RU manual AllShare параметрлері, Soft AP қауіпсіздік кілтін орнату