Параметрлер

Сымды - Қолмен

Сізде статикалық IP мекенжайы болса немесе Автоматты процедура жұмыс істемесе, Network Settings (Желі параметрлері) мәндерін қолмен орнату қажет болады.

Жоғарыдағы 1-3 қадамдарын орындағаннан кейін:

1 . Желі параметрлері экранында Бастау тармағын таңдап, E түймесін басыңыз. Желі күйі экраны пайда болады. Өнім желі қосылымын тексеруге әрекет етеді және тексере алмайды.

Желі параметрлері

Сымды желі байланысы сәтсіз болды.

 

 

MAC мекенжайы

XX:XX:XX:XX:XX:XX

Алдыңғы

IP мекенжайы

0.0.0.0

Ішкі желі қалқаны

0.0.0.0

Көмей

0.0.0.0

IP прм-лері

DNS сервер

0.0.0.0

Қайталау

Желіге қосылмады. Мына әрекеттерді жасап көріңіз: «IP

параметрлері» ішінде IP мекенжайы дұрыс орнатылғанын

OK

тексеріңіз. Толық ақпарат алу үшін, Интернет провайдеріне хаб-з.

2 . Экранның оң жағындағы IP прм-лері тармағын таңдап, E түймесін басыңыз. IP параметрлері экраны пайда болады.

3 . IP режімі өрісін таңдап, оны Қолмен мәніне орнатыңыз.

4 . Қашықтан басқару құралындағы санды түймелерді пайдаланып, Желілік мәндерді енгізіңіз. Бір жазба жолағынан екіншісіне жылжу үшін қашықтан басқару құралындағы ▲▼◄► түймелерін пайдаланыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Бұл мәндерді Интернет провайдерінен алуға болады. Сондай- ақ, бұл мәндерді Windows компьютерлерінің көбінде қарап алуға болады. Нұсқауларды осы беттегі «Желі параметрлерінің мәндерін алу» бөлімінен қараңыз.

5 . Аяқтағаннан кейін ОК тармағын бөлектеп, E түймесін басыңыз. Өнім желі қосылымын тексеріп, одан кейін желіге қосылады.

32 Қазақша

<Желі параметрлерінің мәндерін алу > Сондай-ақ, Желі параметрлері мәндерін Windows компьютерлерінің көбінде қарап алуға болады. Желі параметрлерінің мәндерін қарап алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:

• Windows XP

1 . Windows жұмыс үстелінің төменгі оң жағындағы желі белгішесін тінтуірдің оң жақ түймесімен нұқыңыз.

2 . Қалқымалы мәзірден Күй тармағын таңдаңыз.

3 . Көрсетілетін тілқатысу терезесіндегі Қолдау қойындысын нұқыңыз.

4 . Қолдау қойындысында Толық мәліметтер түймесін басыңыз.

5 . Желі параметрлері көрсетіледі.

• Windows 7

1 . Windows жұмыс үстелінің төменгі оң жағындағы Желі белгішесін нұқыңыз.

2 . Қалқымалы мәзірден Желі және бөлісу орталығы тармағын таңдаңыз.

3 . Көрсетілетін тілқатысу терезесінде желі қосылымыңызға қарай Жергілікті аймақ қосылымы немесе Сымсыз желі қосылымы тармағын таңдаңыз.

4 . Қолдау қойындысында Толық мәліметтер түймесін басыңыз. Желі параметрлері көрсетіледі.

ЕСКЕРТПЕ

Windows нұсқасына қарай ақпарат әртүрлі болуы мүмкін.

Сымсыз желі

Сымсыз желі қосылымын үш жолмен орнатуға болады:

-Сымсыз автоматты

-Сымсыз қолмен

-WPS(PBC)

Сымсыз желі қосылымын реттеген кезде өнім арқылы немесе өнімнің ағымдағы сымды қосылымы арқылы қосылған барлық сымсыз желі құрылғылары ажыратылады.

HT-E6750W_RU_KAZ_0227.indd 32

2012-02-27 오전 11:27:59

Page 98
Image 98
Samsung HT-E6750W/RU manual Сымсыз желі, Сымды Қолмен, IP режімі өрісін таңдап, оны Қолмен мәніне орнатыңыз, 32 Қазақша