Параметр. мәзірінің функцияларын пайдалану

Құл-у/Құл. ашу

Құл-у/Құл. ашу функциясын және Қауіпсіздік PIN кодын пайдаланып Бағдарламалар экранында да, Барлық жүк- дер экранында да іске қосылмауы үшін бағдарламаларды құлыптауға болады. Әдепкі PIN коды — 0000.

1.Барлық жүк-дер экранында ▲► түймелерін пайдаланып экранның жоғарғы жағындағы Параметр. параметріне өтіңіз де, E түймесін басыңыз.

2.Құл-у/Құл. ашу параметрін таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

3.Құлыптау қызметі пайда болғанда қашықтан басқару құралындағы сандық түймелерді пайдаланып PIN кодын енгізіңіз.

4.Бағдарламаны құлыптау үшін бағдарламаны таңдаңыз да, E түймесін басыңыз. Бағдарламада құлып пайда болады. Басқа, жеке бағдарламаларды құлыптау үшін қайталаңыз.

5.Құлыпталған бағдарламаның құлпын ашу үшін бағдарламаны таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

6.Бүкіл бағдарламаларды бірден құлыптау үшін ▲► түймелерін пайдаланып Б-н құл-у түймесін таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

7.Бүкіл құлыпталған бағдарламалардың құлпын бірден ашу үшін ▲► түймелерін пайдаланып Б-н құл-н ашу түймесін таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

8.Бағдарламалар экранына оралу үшін RETURN түймесін екі рет басыңыз. Құлыпталған бағдарламалардың жоғарғы оң жағында құлып көрсетіледі.

М-ң бағ-ды өңдеу

М-ң бағ-ды өңдеу параметрі Менің Apps бөліміне бағдарламаларды қосуға және жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол бағдарламаның Менің Apps бөліміндегі орнын өзгертуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаны Менің Apps бөліміне қосу

1.Барлық жүк-дер экранында ▲► түймелерін пайдаланып экранның жоғарғы жағындағы Параметр. параметріне өтіңіз де, E түймесін басыңыз.

2.М-ң бағ-ды өңдеу параметрін таңдаңыз да, E түймесін басыңыз. Бағдарламаларымды өңдеу экраны пайда болады.

3.Бағдарламалардың жоғарғы қатарынан толық түсті бағдарламаны таңдаңыз да, E түймесін басыңыз. Толық түсті бағдарлама белгішесі төмендегі Менің Apps аймағында пайда болады және жоғарғы қатардағы бағдарлама белгішесі сұр болады.

ЕСКЕРТПЕ

Сұр бағдарламалар Менің Apps бөлімінде орналасқан.

4.Бағдарламалар экранына оралғанда, бағдарлама Менің Apps аймағында пайда болады.

Бағдарламаны Менің Apps бөлімінен жою

1.Барлық жүк-дер экранында ▲► түймелерін пайдаланып экранның жоғарғы жағындағы Параметр. параметріне өтіңіз де, E түймесін басыңыз.

2.М-ң бағ-ды өңдеу параметрін таңдаңыз да, E түймесін басыңыз. Бағдарламаларымды өңдеу экраны пайда болады.

3.Менің бағдарламаларым бөлімінен жою керек бағдарламаны таңдаңыз да, E түймесін басыңыз, одан кейін ▲▼◄► түймелерін бағытында басыңыз.

Менің бағдарламаларым бөлімінен жою қалқымалы терезесі пайда болады.

4.Иә жауабын таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

5.Бағдарламалар экранына оралғанда, бағдарлама Бағдарламаларым аймағынан жойылған болады.

Менің Apps бөлімінде бағдарламаны жылжыту

1.Барлық жүк-дер экранында ▲► түймелерін пайдаланып экранның жоғарғы жағындағы Параметр. параметріне өтіңіз де, E түймесін басыңыз.

2.М-ң бағ-ды өңдеу параметрін таңдаңыз да, E түймесін басыңыз. Бағдарламаларымды өңдеу экраны пайда болады.

3.Менің Apps бөлімінде жылжыту керек бағдарламаны таңдаңыз да, E түймесін басыңыз, одан кейін ▲▼◄► түймелерін пайдаланып бағдарлама белгішесін бағдарлама белгішесінің айналасында пайда болатын көрсеткілердің (<, >, ^, т.б.) біреуінің бағытында жылжытыңыз. Бағдарлама белгішесі сіз таңдаған бағытта жылжиды.

4.Бағдарлама белгішесін қажет жерге орналастырғаннан кейін E түймесін басыңыз.

5.Бағдарламалар экранына оралғанда, бағдарлама сіз таңдаған орынға орналастырылады.

Қалта жасау

Қалта жасау параметрі Жүктелген экранында бағдарламаларды орналастыруға болатын қалтаны жасауға мүмкіндік береді.

1.Барлық жүк-дер экранында ▲► түймелерін пайдаланып экранның жоғарғы жағындағы Параметр. параметріне өтіңіз де, E түймесін басыңыз.

2.Қалта жасау параметрін таңдаңыз да, E түймесін басыңыз. Қалта атауын орнату қалқымалы терезесі пайда болады.

3.E түймесін басыңыз. Пернетақта пайда болады.

4.Оң жақта Тазалау түймесін таңдаңыз да, E түймесін басып 1-қалтаны енгізу өрісінен жойыңыз. Одан кейін пернетақтаны пайдаланып қалтаға қолдану керек атауды енгізіңіз.

5.Аяқтағанда оң жақтағы Дайын түймесін таңдаңыз да, E түймесін басыңыз. Қалқымалы терезе қайта пайда болады.

6.OK параметрін таңдаңыз да, E түймесін басыңыз. Экранның сол жағындағы бағдарламалар тізімінде жаңа қалта пайда болады.

06 Желі Қызметтері

Қазақша 45

Page 104
Image 104
Samsung HT-F5530K/RU, HT-F5550K/RU Параметр. мәзірінің функцияларын пайдалану Құл-у/Құл. ашу, Бағ-ды өңдеу, Қалта жасау