Мультимедианы Ойнату

Бұл сымсыз құрылғы жұмыс істеу кезінде электрлік кедергілерді тудыруы мүмкін.

Үй кинотеатрын Bluetooth құрылғысына қосу

ҚосуBluetooth құрылғысы

Bluetooth құрылғысы Bluetooth-үйлесімді стерео құлақаспап функциясын қолдайтындығын тексеріңіз.

1.BT хабарын көрсету үшін, өнімнің қашықтан басқару құралындағы FUNCTION түймесін басыңыз.

2.Қосылу керек Bluetooth құрылғысында Bluetooth мәзірін таңдаңыз. Нұсқауларды Bluetooth құрылғысының нұсқаулығынан қараңыз.

3.Bluetooth құрылғысында Стерео құлақаспап мәзірін таңдаңыз.Құрылғылар тізімін көресіз.4.Ізделген тізімнен «[HTS]Fxxxxx» тармағын таңдаңыз.

Үй кинотеатры Bluetooth құрылғысына қосулы кезде қосылған Bluetooth құрылғысының атауы, одан кейін үй кинотеатрының атауы үй кинотеатрының алдыңғы дисплейінде көрсетіледі.

5.Қосылған құрылғыда музыканы ойнатыңыз.

Қосылған Bluetooth құрылғысында ойнап жатқан музыканы үй кинотеатры жүйесінен тыңдай аласыз.

ЕСКЕРТПЕ

Үй кинотеатры тек сапасы орташа SBC деректерін (48 кГц жылдамдығында 237 кбит/сек-қа дейін) қолдайды және сапасы жоғары SBC деректерін (44.1 кГц жылдамдықта 328 кбит/сек) қолдамайды.

AVRCP мүмкіндігіне қолдау көрсетіледі. Қосылған құрылғының спецификацияларына байланысты оның функциялары әр түрлі болады.

Тек A2DP профайлын қолдайтын Bluetooth құрылғысына қосыңыз.Бір уақытта тек бір Bluetooth құрылғысын жұптауға болады.

Келесі жағдайларда іздеу немесе қосылым функциялары дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін:

-Үй кинотеатрының жанында немесе айналасында күшті электр өрісі болса.-Бірнеше Bluetooth құрылғысы өніммен бір уақытта жұпталса.-Bluetooth құрылғысы кенеттен өшсе немесе дұрыс жұмыс істемесе.s.

-Микротолқынды пештер, сымсыз жергілікті желі адаптерлері, флюоресцентті шамдар және газ плиталары сияқты құрылғылар Bluetooth құрылғысымен бірдей жиілік ауқымын пайдаланатынын және электр кедергілерін тудыруы мүмкін екенін ескеріңіз.

Bluetooth құрылғысын ү кинотеатрынан

ажырату үшін

Bluetooth құрылғысын үй кинотеатрынан ажыратуға болады. Нұсқауларды Bluetooth құрылғысының нұсқаулығынан қараңыз.

Үй кинотеатры Bluetooth құрылғысынан ажыратылғанда, үй кинотеатры алдыңғы дисплейде DISCONNECTED хабарын көрсетеді.

Үй кинотеатрын Bluetooth құрылғысынан

ажырату үшін

BT режимінен басқа режимге ауысу немесе үй кинотеатрын өшіру үшін, үй кинотеатрының алдыңғы панеліндегі () түймесін басыңыз.

Үй кинотеатрын функцияларды өзгерту арқылы ажыратқан жағдайларды қоспағанда, қосылған Bluetooth құрылғысы қосылымды аяқтау алдында үй кинотеатрынан жауапты белгілі бір уақыт бойы күтеді. (Bluetooth құрылғысына байланысты ажырату уақыты әртүрлі болуы мүмкін.)

ЕСКЕРТПЕ

Bluetooth қосылымы режимінде үй кинотеатры жүйесі мен Bluetooth құрылғысы арасындағы қашықтық 10 метрден асса, Bluetooth қосылымы жоғалады. Bluetooth құрылғысы қайтадан тиімді ауқымға келгенде немесе Bluetooth құрылғысын қайта іске қосқанда, қайта қосылу үшін құрылғыны және үй кинотеатрын жұптастыру керек.

Bluetooth режимінде Bluetooth құрылғысы дайын күйінде 5 минут бойы қалса, экран қорғауышы іске қосылады. Bluetooth құрылғысын қайта қосу үшін экран қорғауышын өшіріңіз де, құрылғыны қосыңыз. Экран қорғауышын өшіру үшін қашықтан басқару құралында кез келген түймені (дыбыс деңгейі түймесі, сандық түйме, т.б.) басыңыз.

38 Қазақша