Samsung HT-F5550K/RU Радио тыңдау, Моно/стерео параметрін орнату, Станцияларды алдын ала орнату

Models: HT-F5530K/RU HT-F5550K/RU

1 177
Download 177 pages 11.86 Kb
Page 99
Image 99

Мультимедианы Ойнату

Радио тыңдау

Қашықтан басқару құралындағы түймелерді пайдалану

1.FM тармағын таңдау үшін, FUNCTION түймесін басыңыз.

2.Қажетті станцияға реттеңіз.

1-реттеуді алдын ала орнату : Алдын ала орн. параметрін таңдау үшін, MANUAL/PRESET түймесін басыңыз, одан кейін алдын ала орнатылған станцияны таңдау үшін TUNING/ CH (,.) түймесін басыңыз.

-Алдын ала орнатылған станцияларды реттеместен бұрын, алдын ала орнатылған станцияларды алдымен өнім жадына қосуыңыз керек.

Қолмен реттеу : Қолмен параметрін таңдау үшін, MANUAL/PRESET түймесін, одан кейін төменгі немесе жоғарғы жиілікте реттеу үшін TUNING/CH (,.) түймесін басыңыз.

Автоматты түрде реттеу : Қолмен параметрін таңдау үшін, MANUAL/PRESET түймесін басыңыз, одан кейін жиілікті автоматты түрде іздеу үшін, TUNING/CH (,.) түймесін басыңыз.

Моно/стерео параметрін орнату

MO/ST түймесін басыңыз.

Түйме басылған сайын, дыбыс STEREO және MONO арасында ауысады.

Нашар қабылдау аймағында анық, кедергісіз тарату үшін MONO параметрін таңдаңыз.

Станцияларды алдын ала орнату

Мысалы: FM 89.10 станциясын жадқа алдын ала орнату.

1.FM тармағын таңдау үшін, FUNCTION түймесін басыңыз.

2.<89.10> тармағын таңдау үшін, TUNING/CH (,.) түймесін басыңыз.

3.TUNER MEMORY түймесін басыңыз.

НӨМІР дисплейде жыпылықтайды.

4.TUNER MEMORY түймесін қайтадан басыңыз.

НӨМІР параметрі дисплейден өз бетінше жоғалмастан бұрын, TUNER MEMORY түймесін басыңыз.

TUNER MEMORY түймесі басылғаннан кейін, НӨМІР сөзі дисплейден жоғалады және станция жадта сақталады.

5.Басқа станцияны алдын ала орнату үшін, 2-4-ші қадамдарды орындаңыз.

Алдын ала орнатылған станцияға реттеу үшін MANUAL/PRESET түймесін басып Алдын ала орн. параметрін таңдаңыз да, TUNING/CH (,.) түймесін басып алдын ала орнатылған станцияны таңдаңыз.

Арнайы әсерлер қашықтан

басқару түймелерін пайдалану

SOUND EFFECT функциясы

SOUND

EFFECT

 

 

Дыбысты оңтайландыратын режимді таңдауға мүмкіндік береді.

1.SOUND EFFECT түймесін басыңыз.

2.Қажетті режимді таңдау үшін, ▲▼ түймесін басыңыз: DSP, Dolby Pro Logic II немесе SFE режимі.

3.Қажетті дыбыс әсерін таңдау үшін, ◄► түймелерін басыңыз.

DSP

MP3 Enhancer Power Bass Football Virtual 7.1 Өшіру

MP3 Enhancer : Дыбыс тәжірибесін (мысалы, mp3 музыканы) күшейтуге көмектеседі. MP3 деңгейіндегі дыбысты (24 кГц, 8 бит) ықшам диск деңгейіндегі дыбысқа (44,1 кГц, 16 бит) көтеруге болады.

Power Bass : Басс үндерінің дыбыс деңгейін көбейтіп, үнсіз дыбыс әсерін береді.

Football : динамикалық, шынайы, стадиондағы сияқты дыбысты жасайды. Футбол және басқа спорт оқиғаларын тыңдауға арналған.

Virtual 7.1 : 5.1 CH динамик жүйесін пайдаланып виртуалдық 7.1 CH дыбысын жасайды.

Өшіру : Қалыпты тыңдау үшін осыны таңдаңыз.

Dolby Pro Logic II

Фильм Музыка Ойын Matrix Pro Logic

Өшіру

Фильм : Фильмнің дыбыс жолына шынайылық береді.

Музыка : Музыка тыңдағанда, нақты сол жерде тыңдап отырғандай әсер береді.

Ойын : Ойын дыбысының еліктіргіштігін арттырады.

Matrix : Бірнеше арналы көлемдік дыбыс шығарылуы үшін таңдаңыз.

Pro Logic : Динамиктердің барлығы қосулы болғанда, 2 арналы дыбыс көзін 5.1 арналы көлемдік дыбыспен тыңдау үшін таңдаңыз.

-Кіріс сигналына қарай кейбір динамиктен (динамиктерден) дыбыс шықпауы мүмкін.

Өшіру : Қалыпты тыңдау үшін осыны таңдаңыз.

40 Қазақша

Page 99
Image 99
Samsung HT-F5550K/RU, HT-F5530K/RU Радио тыңдау, Моно/стерео параметрін орнату, Станцияларды алдын ала орнату, 40 Қазақша