Samsung HW-M4501/RU, HW-M4500/RU manual Update көрсетілмесе

Models: HW-M4501/RU HW-M4500/RU

1 114
Download 114 pages 2.11 Kb
Page 109
Image 109

UPDATE көрсетілмесе

1.Soundbar құрылғысын өшіріп, жаңарту файлдары бар сақтау құрылғысын Soundbar құрылғысының USB портынан ажыратып, оған қайта жалғаңыз.

2.Soundbar қуат сымын ажыратып, оны қайта қосыңыз да, Soundbar құрылғысын қосыңыз.

••Soundbar қолдау көрсететін аудио файлдар сақтау құрылғысында сақталған болса, жаңартылған кіріктірілген ішкі бағдарлама дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

••Жаңа нұсқалар қолданылып жатқанда, қуат көзін ажыратуға немесе USB құрылғысын алуға болмайды. Кіріктірілген ішкі бағдарламаны жаңарту процесі аяқталған соң, негізгі құрылғы автоматты түрде өшеді.

••Жаңарту процесі аяқталған соң, Soundbar құрылғысында пайдаланушы параметрлері бапталады. Жаңарту процесінен кейін параметрлерді оңай қалпына келтіру үшін, оларды жазып алғаныңыз жөн. Жаңартылған кіріктірілген ішкі бағдарлама сабвуфер байланысын да қалпына келтіретінін ескеріңіз.

Сабвуфермен байланыс жаңарту процесінен кейін автоматты түрде орнатылмаса, 6-бетті қараңыз.

Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту жүзеге аспаса, сақтау құрылғысында ақаулық бар-жоғын тексеріңіз.

••Mac OS пайдаланушылары USB пішімі ретінде MS-DOS (FAT) пішімін пайдалануы тиіс.

••Сақтау құрылғысының өндірушісіне байланысты USB арқылы жаңарту қолжетімді болмауы мүмкін.

KAZ - 29

Page 109
Image 109
Samsung HW-M4501/RU, HW-M4500/RU manual Update көрсетілмесе