Автоматты байланыс орындалмаған жағдайда сабвуферді қолмен қосу

Қолмен қосу әрекетін орындау алдында тексеру

••Soundbar құрылғысының және сабвуфердің қуат кабельдерінің тиісті түрде жалғанғанын тексеріңіз.

••Soundbar құрылғысының қосылғанына көз жеткізіңіз.

1.Сабвуфердің артқы жағындағы ID SET түймесін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз. Сабвуфердің төбесіндегі қызыл түсті индикатор өшеді, ал көк түсті индикатор жыпылықтайды.

ID SET

5 Sec

Сабвуфердің артқы жағы

Сабвуфер төбесі

2.Soundbar құрылғысын өшіріңіз.

3.Soundbar құрылғысы өшірулі (OFF) болғанда қашықтан басқару пультіндегі VOL түймесін ең кемі 5 секунд басып тұрыңыз.

4.Soundbar негізгі құрылғысының дисплейінде 1,3 секундқа ID SET хабары пайда болады, содан кейін қайта жоғалады.

 

POWE5 Sec

 

Blue

 

SOUND

Surround

MODE

 

VOL

WOOFER

SOUNDBAR

ID SET

5.Сабвуфердегі көк индикатор жыпылықтағанда, негізгі құрылғының үстіңгі панеліндегі немесе қашықтан басқару пультіндегі (Қуат) түймесін басып, Soundbar құрылғысын іске қосыңыз.

6.Сабвуфердің төбесіндегі индикатор жыпылықтауын тоқтатып, үздіксіз жанатын болса, қосылу сәтті аяқталғанын білдіреді.

••Байланыс процесі орындалмаса, көк түсті индикатор үздіксіз жыпылықтайды. 1-қадамға өтіп, қайта бастаңыз.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

••Осы өнімнің қуат сымы немесе теледидарды қабырғадағы розеткаға құрамдастар арасындағы барлық байланыстар орнатылғанша жалғауға болмайды.

••Осы өнімді жылжытпас немесе орнатпас бұрын, қуат көзі өшіріліп, қуат сымының ажырағанын тексеріңіз.

KAZ - 7

Page 87
Image 87
Samsung HW-M4501/RU, HW-M4500/RU manual Қолмен қосу әрекетін орындау алдында тексеру, Ескертпелер, Сабвуфердің артқы жағы