Bluetooth құрылғысын Soundbar құрылғысынан ажырату
Bluetooth құрылғысын Soundbar құралынан ажырата аласыз. Нұсқауларды Bluetooth құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
••Soundbar құралы ажыратылады.
••Soundbar құрылғысы Bluetooth құрылғысынан ажырағанда, Soundbar алдыңғы дисплейінде
“BT DISCONNECTED” хабары шығады.
Bluetooth құрылғысынан Soundbar құрылғысын ажырату
Үстіңгі панельдегі немесе қашықтан басқару пультіндегі (Бастапқы көз) түймесін басыңыз да, “BT” режимінен басқа кез келген режимге ауыстырыңыз.
••Ажырау процесі біраз уақыт алады, себебі Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысынан жауап алуы керек. (Bluetooth құрылғысына байланысты ажырау уақыты әртүрлі болады)
••Soundbar құрылғысы Bluetooth құрылғысынан ажырағанда, Soundbar алдыңғы дисплейінде
“BT DISCONNECTED” хабары шығады.
ЕСКЕРТПЕЛЕР
••Bluetooth байланысы режимінде Soundbar пен Bluetooth құрылғысының арасындағы қашықтық 10 м артса, Bluetooth байланысы жоғалады.
••Дайын күйінде 5 минут тұрғаннан кейін Soundbar құралы автоматты түрде өшеді.
Bluetooth туралы қосымша ақпарат
Bluetooth —
••Bluetooth құрылғысы мынадай жағдайда қолданысқа байланысты шуды немесе дұрыс жұмыс істемеуді тудыруы мүмкін:
••Soundbar құралын жақын қашықтықты сақтай отырып Bluetooth құрылғысымен жұптастырыңыз.
••Soundbar құралы мен Bluetooth құрылғысы арасындағы қашықтық алыстаған сайын сапа нашарлайды. Егер қашықтық Bluetooth жұмыс ауқымынан асса, қосылым жоғалады.
••Нашар қабылдау сезімталдығы аймақтарында Bluetooth қосылымы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
••Bluetooth байланысы тек құрылғыға жақын болған кезде істейді. Егер қашықтық осы ауқымнан тыс болса, қосылым автоматты түрде қиылады. Осы ауқым ішінде болғанда да, дыбыс сапасы қабырғалар немесе есіктер сияқты кедергілер арқылы төмендеуі мүмкін.
••Бұл сымсыз құрылғы оны пайдалану кезінде электр кедергілерін туғызуы мүмкін.
KAZ - 19