ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ

ТОК СОҒУ ҚАУПІН АЗАЙТУ ҮШІН, ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ПАНЕЛІН) АШПАҢЫЗ. ІШІНДЕ ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕЙТІН БӨЛШЕКТЕР ЖОҚ. БІЛІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ МАМАНҒА ЖӨНДЕТІҢІЗ.

ЕСКЕРТУ

ТОК СОҒУ ҚАУПІ

АШПАҢЫЗ

Бұл белгі ішкі бөлігінің кернеуі жоғары екендігін көрсетеді. Осы өнімнің ішкі бөлігіне кез келген жағдайда қол тигізу қауіпті.

Бұл белгі өніммен бірге жұмыс істеуге және күтім көрсетуге қатысты маңызды әдебиеттер берілгендігін көрсетеді.

IIсынып өнімі: Бұл белгі жерге қосу

(тұйықтау) үшін қауіпсіз қосылымның қажет емес екенін көрсетеді.

АТ кернеуі: Бұл белгі осы белгімен көрсетілген номиналды кернеудің АТ кернеуі екенін көрсетеді

ТТ кернеуі: Бұл белгі осы белгімен көрсетілген номиналды кернеудің ТТ кернеуі екенін көрсетеді.

Назар аударыңыз, Пайдалану үшін нұсқауларды қараңыз: Бұл белгі пайдаланушыға қосымша қауіпсіздік ақпаратын пайдаланушы нұсқаулығынан қарау керек деп нұсқайды.

Белгі Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне сәйкес қолданылады және осы өнімнің қаптамасын екінші рет пайдалануға арналмағанын және жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын азық-түлік өнімдерін сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады.

Белгі қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Белгі сандық код және/ немесе әріп белгілері түріндегі қаптама материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін.

АБАЙЛАҢЫЗ

••Өрт шығуын немесе ток соғуын болдырмау үшін, құрылғыны жаңбырда қалдырмаңыз немесе ішіне ылғалдың кіруіне жол бермеңіз.

ЕСКЕРТУ

••ТОК СОҒУЫН БОЛДЫРМАУ ҮШІН, КЕҢ ШТЕПСЕЛЬДІ ҰШТЫ КЕҢ ҰЯҒА КЕЛТІРІП, ТОЛЫҚ ЕНГІЗІҢІЗ.

••Бұл өнім әрқашан жерге қосылған ауыспалы ток розеткасына қосылуы тиіс.

••Аппаратты ток көзінен ажырату үшін, штепсельдік ұшты розеткадан суырып алу керек, сондықтан розетка ыңғайлы жерде орналасуы тиіс.

••Бұл құрылғыға еш нәрсе тамбауы немесе шашырамауы тиіс. Өнімге ваза сияқты сұйықтық құйылған бұйымдарды қоймаңыз.

••Құрылғыны толығымен өшіру үшін қуат ашасын розеткадан суыру керек. Сондықтан, қуат ашасына әрқашан қол жеткізу оңай болуы тиіс.

KAZ - ii