ҚОҢЫР КӨК САРЫ және немесе немесе ЖАСЫЛ
ҚАРА АҚ

орнату

Орнатуға арналған қауіпсіздік нұсқаулары

Бұл пешті тек уәкілетті электр маманы ғана орнатуға тиіс. Құрылғыны электр желісіне, тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстарды орындай отырып жалғауға орнатушы міндетті.

Пешті орнатқан кезде, оның кернеулі бөліктерінен сақтандыру керек.

Қуат қосылымы

Егер құрылғы электр желісіне аша арқылы жалғанбаса, қауіпсіздік

стандарттарына сай келу үшін көп-полюсті айырып-қосқышпен (контакттарының арасы кем дегенде 3 мм) жабдықталуға тиіс. Қуат сымының (H05 RR-F немесе H05 VV-F, кем дегенде 1,5~2,5 мм²) ұзындығы, тіптен пеш ас үй жиһазының алдыңғы жағындағы еденде тұрса да, пешті тоқ көзіне жалғау үшін жеткілікті болуға тиіс. Пештің артқы жағында орналасқан қуат қосылымы қақпағын бұрандамен бұрап ашыңыз да, кабель қапсырмасының бұрандаларын, қуат сымдарын тиісті ағытпаларға жалғар алдында босатыңыз. Пеш ( )-ағытпасы арқылы жерге қосылады. Сары және жасыл сымды (жерге қосылатын) бірінші жалғау

керек және бұлар басқа сымдардан ұзын болуға тиіс. Егер пеш электр желісіне аша арқылы жалғанса, бұл аша тіптен пешті орнатып болғаннан кейін де қол жететін жерде тұруға тиіс. Samsung компаниясы жерге қосылмаған немесе теріс қосылған құрылғы үшін жауапкершілік көтермейді.

ЕСКЕРТУ: Орнату барысында қосылатын сымның қыстырылып қалуына және пештің ыстық бөліктеріне тиіп кетуіне жол бермеңіз.

Ас үй жиһазына орнату

Ас үй жиһазына кіріктіріп орнату керек болса, пештің үй жиһазының ішіндегі пластик беттері мен желім 90 °C градусқа және көршілес жиһаздарға жақын жерлері 75 °C градусқа төзімді болуға тиіс. Қызудың әсерінен пластик беттерге немесе желімдерге нұқсан келсе Samsung ешбір жауапкершілік көтермейді.

Пеш қойылатын ас үй жиһазының табанында желдеткіш саңылау болуға тиіс. Астыңғы сөре мен тірегіш қабырға арасында желдету үшін 50 мм бос орын қалдыру керек. Пешті пеш үстінің астына орнату керек болса, пеш үстін орнату бойынша нұсқауларды орындау керек.

02КҮТІМ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ОРНАТУ

 

Ең кемінде 550

Ең кемінде 560

 

 

 

 

 

 

Ең кемінде 50

370

 

560

 

 

 

 

Ең көбі 50

 

 

Ең кемінде 590 ~

595

 

550

Ең көбі 600

572

 

 

 

595

545

 

 

21

 

Ең кемінде 460 x

 

 

 

 

 

 

Ең кемінде 50

Ішіне кіріктірілген

 

 

Ең кемінде 550

Ең кемінде 560

370

175

560

 

 

 

 

 

85

 

 

 

 

595

 

 

 

Ең кемінде 600

 

 

 

550

Ең көбі 506

572

 

595

 

 

545

Ең кемінде 460 x Ең кемінде 50

Ең көбі

21

Астына кіріктірілген

494

 

 

 

 

 

 

Ішіне кіріктірілген +

 

 

 

 

Астына кіріктірілген

Құрылғыны ас үй жиһазына әбден итеріп кіргізіп, 2 бұранданың көмегімен пештің екі жағын әбден бекітіңіз. Құрылғы мен көршілес тұрған ас үй жиһазының арасында кем дегенде 5 мм орын қалуын қамтамасыз етіңіз.

Орнатып болғаннан кейін есіктен және пештің ішінен винил қорғағыш таспаны, жапсырғышты, қағаз бен керек-жарақтарды алыңыз. Пешті ас үй жиһазынан алатын кезде, пешті электр желісінен ағытып, екі жағындағы 2 бұранданы алыңыз.

ЕСКЕРТУ: Пеш кіріктіріліп орнатылатын ас үй жиһазының ауа алмасуға арналған, өлшемі кем дегенде суретте көрсетілгендей саңылауы болуға тиіс. Осы саңылауды ағаш жаңқаларымен бітемеңіз, себебі бұл желдетуге арналған саңылау.

Казақ - 9

Neo Lite_NV70H3340RS_WT_DG68-00591A-01_KK.indd 9

2014-07-11 ￿￿ 11:14:41

Page 73
Image 73
Samsung NV70H3350RS/WT manual Орнатуға арналған қауіпсіздік нұсқаулары, 02КҮТІМ Көрсету Және Орнату