Пешті орнату

Пеш пен корпустың әр бүйірінің арасына кемінде 5 мм орын (A) қалдырыңыз.

A

Пешті ас үй жиһазына кіргізіп, 2 бұранданың көмегімен пештің екі жағын мықтап бекітіңіз.

Орнатып болғаннан кейін қорғағыш таспаны, жапсырманы және басқа орам материалдарын алып, пештің ішіндегі керек-жарақтарды алыңыз. Пешті корпустан алу үшін әуелі пешті тоқ көзінен ағытып, пештің қос бүйіріндегі 2 бұранданы алыңыз.

ЕСКЕРТУ

Пеш қалыпты түрде жұмыс істеу үшін желдету қажет. Желдеткіш саңылауларын ешқашан бітемеңіз.

ЕСКЕРТПЕ

Пештің нақты түрі үлгіге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Істі бастау алдында

Бастапқы параметрлері

Пешті ең алғаш рет электр көзіне қосқан кезде сағат (“12”) жыпылықтап тұратын дисплейде әдепкі уақыт “12:00” пайда болады. Пешті ең алғаш рет пайдалану алдында ағымдық уақытты орнатыңыз.

1. / түймешіктерін сағатты орнату

үшін басып, содан кейін түймешігін

басыңыз. Минут элементі жыпылықтайды.

2.Минутты орнату үшін /

түймешіктерін басып, содан кейін түймешігін басыңыз.

Осы бастапқы параметрді орнатқаннан кейін ағымдық уақытты өзгерту үшін түймешігін 3 секунд басып ұстап тұрыңыз және жоғарыдағы қадамдарды орындаңыз.

Жаңа пештің иісі

Пешті ең алғаш қолданар алдында жаңа пештің иісін кетіру үшін пештің ішін тазалау керек.

1.Пештің ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз.

2.Пешті Конвекция 200 °C немесе Дәстүрлі 200 °C функциясымен бір сағат тазалаңыз. Бұл пештің ішіндегі өндіру барысында қалған қалдық заттарды күйдіріп тазалайды.

3.Аяқтаған кезде пешті сөндіріңіз.

Казақ 9

Істі бастау алдында

NV70K1340BS_WT_DG68-00762A-01_RU+UK+KK+UZ.indb 9

2017-02-06 ￿￿ 3:04:19

Page 65
Image 65
Samsung NV70K1340BS/WT, NV70K1340BB/WT Істі бастау алдында, Бастапқы параметрлері, Жаңа пештің иісі, Пешті орнату, Казақ 9