Теледидарды қабырғаға бекіту

Абайлаңыз: Теледидарды тартса, итерсе немесе үстіне шықса, ол құлап кетуі мүмкін. Әсіресе, балалардың теледидар үстіне шықпауын немесе оны жылжытпауын қадағалаңыз; себебі теледидар аударылып кетіп, ауыр жарақатқа не адам қазасына әкеліп соғуы мүмкін. Қоса жеткізілген қауіпсіздік парағындағы сақтық шараларының барлығын орындаңыз. Орнықтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, аударылып кетуден сақтандыратын құралды төмендегідей орнатыңыз.

Теледидар құлап қалуға жол бермес үшін

1.Бұрандаларды қапсырмаларға салыңыз да, қабырғаға мықтап бекітіңіз. Бұрандалардың қабырғаға мықтап бекігеніне көз жеткізіңіз.

Қабырғаның түріне байланысты анкер шегесі тәрізді қосымша зат қажет болуы мүмкін.

Бұранда қапсырмасы, бұрандалар мен бау құрылғымен бірге жеткізілмейтіндіктен оларды жеке сатып алу қажет.

2. Бұрандаларды теледидардың артқы орта жағынан алыңыз да, қапсырмаға салыңыз, содан соң бұрандаларды қайтадан теледидарға бекітіңіз.

Бұрандалар құрылғымен бірге жеткізілмеуі мүмкін. Мұндай

 

жағдайда, келесі техникалық сипаттамаға ие бұрандаларды

 

сатып алуды сұраймыз.

Қабырға

Бұранданың техникалық сипаттамасы

 

xx 19 ~ 27 дюйм үшін: M4

xx 32 ~ 65 дюйм үшін: M8

3.Теледидарға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға бекітілген қапсырмаларды берік сым арқылы жалғап, содан соң мықтап байлаңыз.

ЕСКЕРІМ

xx Теледидар артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға таяу орнатыңыз.

xx Сақтық мақсатында қабырғаға бекітілген қапсырма мен теледидарға бекітілген қапсырма бір деңгейде не одан төменірек тұру үшін оларды сыммен қосып байлаған дұрыс.

xx Сымды теледидарды жылжытпай тұрып шешіңіз.

4.Барлық қосылымдардың мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қосылымдардың босап қалмағанын мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қосылымдардың берік екендігіне күмәндансаңыз, білікті маманға хабарласыңыз.

Казақ - 20

Page 82
Image 82
Samsung UE55D6100SWXRU, UE37D6100SWXRU, UE46D6100SWXRU Теледидарды қабырғаға бекіту, Теледидар құлап қалуға жол бермес үшін